Қабылдау комиссияларының байланыстары

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі прокатқа шығады

Биыл наурыздың 28 күні 75-ші Венеция кинофестивалі жүлдегерлерінің бірі, режиссер Эмир Байғазин түсірген  Аслан туралы трилогияның соңғы бөлімі – «Өзен» фильмі шектеулі прокатқа шығады.

Аталған көркем фильм өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. 

Естеріңізге сала кетсек, «Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Бұл фестивальдің «Көкжиектер» бағдарламасында Эмир Байғазин үздік режиссер(Best Director) атанды. Сондай-ақ кино тақырыбында жазатын әлемнің белді бұқаралық ақпарат құралдары аталған кинотуынды жайында жақсы пікірде жарыса жазды. Ал фильмнің Солтүстік Америкадағы тұсаукесері биыл қыркүйек айында Халықаралық Торонто кинофестивалі аясында өтті. Кинотуынды фестивальдің «Тұғырнама» («Платформа») конкурстық бағдарламасында  көрсетіліп, қазылар алқасының құрметті аталымына және Screen Daily тәуелсіз киносыншылардың рейтингісі тізімінде алдынғы қатардан көрінді. Жыл сайын өтетін 12-ші Asia Pacific Screen Awards салтанатында «Өзен» фильмі «Режиссурадағы табысы үшін» сыйлығымен марапатталды. Фильмнің азиялық тұсаукесері Токио кинофестивалінің конкурстық бағдарламасы аясынды өтті. Ал Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде «Өзен» фильмі қазылар алқасының жүлдесіне – «нағыз кино тілімен бейнеленген көңіліңді бірден баурап алатын фильм» жүлдесіне ие болды. Одан бөлек, Эмир Байғазин  Голливудтың шетел баспасөзі қауымдастығының грантына («Алтын Глобус») ие болды. 

«Өзен» фильмі Роттердам, Гетоборг, Варшава сынды ірі фестивальдердің ресми бағдарламаларының шеңберінде көрсетілгені туралы айта кеткен жөн.

Фильмнің жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants). Бұл туынды сценарий күйінде  MPA APSA Азия-Тынықмұхиттық киноассоциациясы грантының  қолдауына ие болды. 2017 жылы маусым айында бұл жоба алғаш рет Карловы Вары Халықаралық кинофестивалінің кинонарығында таныстырылып, сол жылы қыркүйекте киножоба Варшава халықаралық кинофестивалі кинонарығында Pitch and Meet жобалар байқауында бірінші орынды иеленген болатын. Картинаның пост жұмыстары 2018 жылы жаз айында Польша кинематография институтының қаржылай көмегімен Варшавадағы Orka және Dreamsound студияларында жүргізілді.

Айта кетсек, Эмир Байғазин «Өзен» фильмінде режиссер ғана емес, сондай-ақ сценарий авторы, қоюшы оператор, бас продюсер міндетін атқарды. Тіпті, бұл фильмнің монтажын да өзі жасаған.

Былтыр тамыз айында Румыниядағы Anonimul  кинофестивалінде Эмир Байғазиннің ретроспективасы ұйымдастырылған болатын. Бұл фестивальде отандық режиссерге «әлемдік кинематографтың әсемділігіне жеткен жетістігі үшін» жүлдесі табысталды. Сондай-ақНорвегияның астанасы – Осло қаласында 28-ші Films from the South кинофестивалінің «Режиссердің ерекше портреті» бағдарламасы аясында Эмир Байғазиннің ретроспективасы өткен болатын.  

Естеріңізге сала кетсек, трилогияның алғашқы бөлімі – «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») фильмі Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет  63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп, «Үздік оператор» номинациясында «Күміс аю» жүлдесімен және Morgen post газетінің жүлдесімен марапатталды (2013). Жалпы, бұл кинотуынды 50-ден астам ірі кинофестивальге қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Трилогияның екінші бөлімі –«Төрт оқиға» («Раненый ангел») фильмінің әлемдік тұсаукесері  де 65-ші Берлин кинофестивалінің Panorama Special атты ресми бағдарламасы шеңберінде алғаш көрсетілді. 2016 жылы «Төрт оқиға» фильмі Германияда өткен Fünf-Seen-Filmfestiv халықаралық фестивалінде «Үздік фильм» жүлдесін,  Чонджуда (Оңтүстік Корея) өткен фестивальде арнайы жүлдені және Словакияда өткен Art Film Fest фестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесін иеленген болатын. Айта кетсек, Эмир Байғазин түсірген фильмдер Қазақстанда ғана емес, Еуропа елдерінде де прокатқа  шыққан.

«Өзен» фильмі туралы  жазылған әлемге әйгілі басылымдардағы мақалалардан  үзінділер:

Hollywood  Reporter  
«Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады.  Композициясы өте үйлесімді, оның образдыр үйдің интерьерінде , ауылдық экстерьерінде, тіпті  экпанситві сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады.  Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомадаған. Камераның қозғалуы да аз.  «Өзен» – арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды».

Screen Daily 

«Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы Трилогиясының («Уроки гармонии» , 2013, және «Раненый ангел», 2016)соңғы бөлімі – «Өзен» фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды.   
Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар». 

The Japan Times

 «Өзен» фильмі – ең батыл көркем фильм десек, қателеспейміз. Бұл туындыны жазған да, түсірген де, монтаждаған да, продюсерлік еткен де жалғыз адам, ол – Эмир Байғазин. Авторитарлы әкесінің тәрбиесін алған бес ағайындының өмірі баяндалады.

Cineuropa  
«Өзен» фильмі Көкжиектер» бағдарламасындағы ең визуалды эстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті».   
«Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр.  Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп,  әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды инструментке айналады. Фильмнің образы – шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді.  Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен  алшақ  дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінге күнге көрініс».   

Variety

«Көпшілікке ой салатын, ұшқындалған сюрреалистік астарлы әңгіме… Режиссер Эмир Байғазин үшінші бөлімінде Аслан есімді жасөспірімнің кәмелет жасқа толғанын үрейлі көрсете алды. Бірақ басты кейіпкер бұрыңғы бала емес, алайда  ерекше кәсіби деңгейде түсірілген туынды болса да, бұл – мүлдем басқа фильм».

Cineuropa 
«Өзен» фильмі Көкжиектер» бағдарламасындағы ең визуалды эстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті».  
«Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр.  Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп,  әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды инструментке айналады. Фильмнің образы – шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді.  Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен  алшақ  дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінге күнге көрініс». 

The Japan Times

«Өзен» фильмі – ең батыл көркем фильм десек, қателеспейміз. Бұл туындыны жазған да, түсірген де, монтаждаған да, продюсерлік еткен де жалғыз адам, ол – Эмир Байғазин. Авторитарлы әкесінің тәрбиесін алған бес ағайындының өмірі баяндалады.

Nonsolocinema 

«Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранада өмірдің шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардың тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттың бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз». 

NOW

«Бес ағайындының өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көреременнің шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін  бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таң қалатыныңыз ғажап емес».   

Cinemascope  
«Эмир Байғазин» –  сезімталдылық пен сабырлылық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияның барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды».   

IONCINEMA 

«Эмир Байғазин көне дәстүрлердің заманауи әлеммен қақтығысының портретін ашып беріп отыр.  
Багазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанның таныстырылым ретінде көрсетті».    

Cinematografo  
«Өзен» көрерменді магия мен реализмге арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм». 

Яндекс.Метрика