Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Шерткіш» қорытынды спектаклі

22 желтоқсаннан 9 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясы «Астана Балет» театрымен бірлесіп көпшілік назарына «Шерткіш» балетін ұсынды. Осы тамаша спектакльдің бүгінгі көрсетілімі де көрермендердің салтанатты қошеметіне ие болды.

Спектакльге Академиямыздың 2014 тәрбиеленушісі қатысты, бұл мақтаныш, таңданыс сезімін тудырады.

Бұл үлкен сахналық тәжірибе болашақ балет әртістеріне кәсібиліктің жоғары деңгейіне шығу, сахна артындағы өмір рухын, нағыз сахнаны сезінуге мүмкіндік берді.
Жаңа жыл алдындағы және мереке күндері біздің тәрбиеленушілер көрермендердің назарына қысқы ертегіні ұсынды: 15 күн бойы театрдағы жаңа жылдық көңіл-күй және «Шерткіш» ғажап балет көрінісі ешкімді бейжай қалдырған жоқ.

Спектакльде Академия оқушылары бірінші және екенші актілердегі балалар қатысатын көріністерде өнер көрсеіп, қаршақыздардың биі, қуыршақтардың жарқын биін орындады, ал Академия студенттері «Астана Балет» театрының жетекші әртістерімен бірге Маша мен Ханзада сиқяты жетекші рөлдерді орындады. Академия тәрбиеленушілеріне мерекелік әрі жан тебірентер көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс айтамыз. Ересектер де балалар да Жаңа жыл алдындағы көңіл-күйді ерекше сезіммен күтеді, өйткені Жаңа жылда мүмкін болмайтын нәрселер бір мезетте жүзеге асады.

«Шерткіш» албомы фотографиялармен, толықтырылып отырады.

Яндекс.Метрика