Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография бойынша кейс-батл

2019 жылғы 19 сәуірде хореография бойынша кейс-батлдар өткізу және қорытындылар шығарумен Ғылым апталығы өз мәресіне жетті. Ғылым апталығы  Жастар жылына және Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыруға арналған. 

Ғылым апталығының қорытындылары бойынша оқу театрында іс-шараға белсенді қатысқан және Хореография академиясының ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосқан барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. 

 Бірінші проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нүсіпжанова Бибигүл Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, біздің Академияда ғылым шығармашылықпен бірге қатар келе жатқанын атап көрсетті. Қазақ ұлттық хореография академиясы ғылыми қызметті өз жұмысының басымды бағыттарының бірі ретінде айқындайды. Ғылыми әлеует әрқайсымыздың қосқан үлесіміз. Өзімізді дамыта отырып, өз ғылыми идеяларымызды іске асыра отырып, біз Академиямызды одан сайын жақсырақ, ал білім беруді сапалырақ етеміз – біз даму және жетілдіру жолымен келеміз.  

Сонымен қатар, сөз сөйлеушілер, осы Ғылым апталығы қызықты форматта және шығармашылық атмосферада өткенін атап өтті. Академиямыздың студенттері мен магистранттары осы даму қарқынын қостап алып кетеді және ғылыми шығармашылық салада биіктіктерге қол жеткізуді жалғастырады. 

 Ғылым апталығының қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді. 

Яндекс.Метрика