Қабылдау комиссияларының байланыстары

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Өнер факультетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 сәуір күні дөңгелек үстел өткізді.

Жолдауды талқылау мақсатында Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Қалиев Жабай Нұрмақұлы мен «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалының кеңесшісі Ахмедин Ерлан Ерікұлы шақырумен арнайы келді. Академияның оқытушылар құрамы мен студенттер арасында талқылау жүргізілді. Өз кезегінде, Ерлан Ерікұлы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы тарихымызды айта келе, бүгінгі Қазақстанымыздың жетістіктерін алға тартты. Студенттермен ой бөлісіп, Жолдаудың маңыздылығын көрсетті.

Жабай Нұрмақұлы  – «Адами капиталдың   жаңғыру негізі» бағытында сөйлеп,  Елбасының халыққа Жолдауы біздің болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің   нақты бағдарламасы тәрізді, біздер ел ертеңіне сене отырып, Елбасының  әр бастамасына қолдау танытамыз» деген сенімін білдірді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жасалып жатқан еліміздегі көптеген іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып өтілді.

Яндекс.Метрика