Қабылдау комиссияларының байланыстары

Тіл мәселесі тілге тиек болды

Қазақ ұлттық хореография академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері  24 қазан күні Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты тіл форумына қатысты.

 Аталған форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру, туған тіліміздің қоғамдағы қызметін арттырып, әлеуетін көтеру жолында қолға алынған  «жаңа әліпбиге көшу» реформасын іске асырудағы мәселелерді талдауды және шешу жолдарын қарастыруды көздейді.

Форумға тіл мамандары, жазушылар, ғалымдар  және Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген тіл жанашырлары, студенттер қатысып, өз ойларын білдірді. Сонымен қатар форум барысында «Жаңа әліпбиге көшу» реформасын жүзеге асыруда әрбір облыста жүргізілген жұмыстардың нәтижелерінің, жетістіктерінің көрінісі ретінде көрме ұйымдастырылды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Жаңа әліпбиге көшу – жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа, осы реформаны жүзеге асыру барысындағы міндеттерді айқындау және жасалған жұмыс нәтижелерін насихаттау, рухани және саяси маңызды факторлардың бірі. Әліпби реформасының жалпы халықтық сипат алу тетіктерін іске қосу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оның шешу жолдарын анықтау – Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілінің ролі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат насихат алаңдарының жұмысын ұйымдастыру аталған форумның міндеті», деп атап өтті.

Яндекс.Метрика