Қабылдау комиссияларының байланыстары

Танымал кинематографистер мәдениет министріне алғыс хат жолдады

28 қараша, 2018. 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалініңқонақтары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына фестивальдің сәтті ұйымдастырылып өткізілгені үшін алғыс хатын жолдады.

«Сіз қазақ кинематографының негізін қалаушылардың бірі – бірегей тұлға Шәкен Айманов тұлғасын насихаттауға үлкен үлес қостыңыз», – делінген хатта. Авторлар кинофестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестермен кинематограф алдында тұрған көптеген шығармашылық сәттерді талқылауға мүмкіндік туғандығын атап өтті.  

«Кинофестивальдің бағдарламасы сәтті жасалған. Фестиваль аясында шеберлік сыныптары, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Тұран» университетінің студенттерімен кездесулер, Ш. Айтматовтың 90-жылдығына және әлемдегі түрік киносының дамуына арналған дөңгелек үстелдер өтті. Сіз түрік әлемінің мәдениеті мен кинематографистерінің бірігуі үшін үлес қосып келесіз» – делінген мәтінде.

Сөз соңында хат авторлары КСРО халық әртісі Майя Аймедова, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ходжакули Нарлиев,  КСРО халық әртісі Болот Шамшиев, ӨзКСР халық әртісі Али Хамраев, Әзербайжанның халық әртісі Октай Миркасимов, «Саха-фильм» бас директоры Дмитрий Щадрин, «Татаркино» бас директоры Миляуша Айтуганова, Татарстанның кинематографистер Одағының төрағасы Ильдар Ягофаров, «Қырғызфильм» бас директоры Айбек Джангазиев, Қырғыстанның кинематографистер Одағының төрағасы Таалайбек Кульмендеев министірге жаңа жетістіктер  мен шығармашылық табыстар тіледі.

Естеріңізге саласық, өткен аптада Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Салтанатты кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жабылу рәсіміне әлемдік және қазақстандық кинематоргафтың жарқын жұлдыздары қатысты.

Яндекс.Метрика