Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Сөзге шешен, ойы терең, ұлы ұстаз – Гүлжиһан» атты мерекелік кеш

2018 жылдың 12 қараша күні Елбасы Н.Н. Назарбаевтың ««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ж. Елебеков ат. Республикалық эстрада – цирк колледжінде Қазақтың ұлттық эстрада өнерінің көрнекті қайраткері, қазақ топырағынан шыққан тұңғыш көркемсөз шебері, Қазақ КСР-ң Халық әртісі Г. Ғалиеваның 101 жылдық мерей тойына арналған «Кеше, бүгін, ертең» атты галереяның ашылу салтанаты мен «Сөзге шешен, ойы терең, ұлы ұстаз – Гүлжиһан»атты мерекелік кеш өтті.

Бұған дейін, яғни ү.ж. 9 қараша күні колледждің басшылығы, оқытушылар мен студенттер және Г. Ғалиеваның жақын туыстары Кеңсай зияратында Г. Ғалиеваның басына барып, гүл шоқтарын қойып тағзым етті. Сол күні колледжде поэзия кеші де өтті. Айта кету керек, галереяның тұсаукесерін ҚР Халық әртісі Н.Н. Нүсіпжанов пен профессор, ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ғ.Қ. Есимов ашты. Оқытушылар мен студенттердің ұйымдастыруымен өткен концертке ҚР мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, мәдениет қайраткерлері, колледж түлектері мен Г. Ғалиеваның жақын туыстары шақырылды.

Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А.А. Жүдебаев сахна төрінде ҚР Мәдениет және спорт министрінің құттықтау сөзін оқып, Ж. Елебеков ат. Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры Д.К. Досбатыровқа табыстады. Одан кейін өздерінің құттықтау сөздерімен колледж директоры Д.К. Досбатыров, Т.Қ. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының академигі, профессор Д.Т. Тұранқұлова, ҚР Халық әртісі С. Тыныштығұлова, сонымен қатар, Г. Ғалиеваның шәкірттері Г. Жүсіп, ҚР мәдениет қайраткері А. Тәжібаева және Н. Артықбаева сахна төріне шақырылды. Келген қонақтардың мұндай жыл сайын өтетін іс – шаралар жастардың дәстүрлі мәдениеттін ұлылығын сезініп,  Г. Ғалиева сияқты тұлғалардың өмірі мен тарихын білсе, алға қарай ұмтылуға бет алатының атап өтті.       

Яндекс.Метрика