Қабылдау комиссияларының байланыстары

Сеулде Қазақстан-Корея мәдени ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссияның 3-ші отырысы өтті

15 қараша,2018. Сеул қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан-Корея мәдени ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссияның 3-ші отырысы өтті.

Комиссияның отырысын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Суюнов пен Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қоғамдық дипломатия және мәдениет жөніндегі бас директоры Хун Сок Ин басқарды.

Аталған отырыс щеңберінде тарапынан Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А. Сүйіновтің Корея Ұлттық музейі, Сеул өнер институтының, Корей Ұлттық мұрағатының басшылығымен екіжақты кездесулер өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің делегациясының 2019 жылы Корея Республикасына сапары ұйымдастыруға келісті. Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрі До Дуонг Хванға 2019 жылы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келуге шақыру хатты берілді.  Кездесу қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

Яндекс.Метрика