Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасың жүзеге асыру аясында заманауи театр өнерінің даму тенденциялары

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2018 жылдың 19 қарашасында, Алматы қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, өнертану кандидаты, өнер академиясының іргетасын қалаушылардың бірі, профессор, «Театр өнері» факультетінің деканы Аман Бекенович Құлбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасың жүзеге асыру аясында заманауи театр өнерінің даму тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. Бәсекелестікке қабілетті кәсіби білім беру – ұлттық рухани жаңғыру негізі;
  2. Жаһандану кезеңіндегі Қазақстанның заманауи театр және кино өнері;
  3. Алуан түрлі бейнелеу өнеріндегі әлеуметтік-мәдени жаңғыру жағдайлары;
  4. Заманауи динамикалық өзгерістер жағдайындағы сахналық пластика өнерінің даму перспективалары.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика