Қабылдау комиссияларының байланыстары

Пәндік онкүндік

2018 жылдың 19-30 қарашасы аралығында Академияның мектебінде бастауыш сыныптардың пәндік онкүндігі өтті.
Екі апта бойы пәндер бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі талаптарына сәйкес заманауи технологияларды қолданып ашық сабақтар өткізілді.
Сабақтардан басқа, «Абай оқулары» сыныптан тыс оқулары, «Табиғат ананы қорғаймыз!» экологиялық марафоны және басқа іс-шаралар өткізілді. Онкүндік Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік концертпен аяқталды және қорытындылар шығарылып, іс-шараға белсенді қатысушылар мараптталды.
Оқу әрқашанда қызық болуы тиіс. Сонда ғана оқуда жетістікке жетесің. Біздің бастауыш сынып мұғалімдері осыған сенімді. Танымға деген жаңа қарым-қатынасты қалыптастырудың ықпалды тәсілдерінің бірі онкүндік өткізу болып табылады.

Яндекс.Метрика