Қабылдау комиссияларының байланыстары

Нұр-Сұлтан қаласындағы “Барыс-Арена” стадионында грек-рим, еркін, әйелдер күресінен әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, UWW Президенті Ненад Лалович қатысты.

Чемпионатқа әлемнің 100-ге жуық елінен келген мыңға жуық спортшы қатысуда. Олар 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өтетін Олимпиада лицензияларын сарапқа салады.

Турнирдің ұйымдастырушылары – UWW (Біріккен әлем күресі), Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.

Бас демеуші – «Самұрық-Қазына».

Жарыс кестесі мен толық мәлімет мына сайтта:

KAZWRESTLING.KZ
#worldwrestlingchampionships

Яндекс.Метрика