Қабылдау комиссияларының байланыстары

Нұр-Сұлтанда Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына-2019» фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылы 21-22 мамыр күндері Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің II-ші республикалық «Рухани қазына-2019» фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу.

Фестиваль аясында пленарлық отырыс, «Рухани қазына-2019» республикалық байқауына қатысушылардың қазылар алқасы алдында таныстырылым жасауы, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар, панельді пікірталас, экскурсиялар мен сұхбат алаңшалары өткізілетін болады.

Сондай-ақ шара аясында мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) арасында өткізілетін республикалық «Рухани қазына-2019» байқауының нәтижесі жарияланатын болады.

Байқау нәтижесінде қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:

1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей;

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей;

3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана;

4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана;

5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана;

6) Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана;

7) Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы;

8) Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы;

9) Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы.

Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері келесі номинациялар бойынша марапатталады:

1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;

3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері;

4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері;

5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері;

6) Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері;

7) Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері;

8) Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері;

9) Үздік ауылдық мәдениет үйінің, клубтың қызметкері.

Яндекс.Метрика