Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіқалықов тағайындалды

27 желтоқсан, 2018. Алматы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

Сәбит Әбдіxалықов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 – 1996 жылдары «театр және кино актері» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған. 2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды. 2006 – 2007 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі қызметін атқарды.  2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі болды. 2008-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы, 2012-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы. 2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры қызметін атұарды. 2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры, 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.

Яндекс.Метрика