Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Мен сені жоғалта алмаймын»

20 қыркүйекте Академия қабырғасында Аида Ошахбаева мен Магамед құрған 2ВЕ шығармашылық дуэттің «Мен сені жоғалта алмаймын» атты жаңа клипінің тұсаукесері өтті. Клиптің режиссер-опреаторы – Артем Терещенко «VKVADRATE STUDIO», түс түзету – Владислав Жарко. Әні мен әуенің 2ВЕ дуэтінің орындаушылары шығарған.

Клип түсіру кезінде көп еңбек етіп, жақсы нәтиже көрсеткен командаға оқытушылар мен студенттер алғысын білдірді. Аға оқытушы Анвара Ариповна Садыкова «Музыкалық видео нағыз хит болатынына біз сенімдіміз!» – деп атап өтті. «Шынында, бұл клип хит болу үшін жасалған жоқ, біз өзіміздің тыңдармандарымызға әдемі және сапалы жұмысты көрсеткіміз келді» деп, Аида мен Магомед өздерінің үміттерін сыпайы бағалады.

Яндекс.Метрика