Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мен және заң

2018 жылғы 12 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында Астана қ. Есіл аудандық ІІД учаскелік полиция инспекторлары аға лейтенант А.С.Құдайбергенов және У.Ж. Мусабекова «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзұшылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

Жастар арасында құқықбұзұшылықтың алдын алу және ескерту, жастардың өнегелілік және құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Жастар саясаты жөніндегі басқармасы және Ішкі істер департаментінің бастамасымен Астанада жалпықалалық «Жастардың құқықтық тәртіп отряды» жобасы басталды. ІІД қызметкерлері  ЖОО мен колледж студенттерінен жасақталған «Жастардың құқықтық тәртіп отряды» жобасы туралы мәлімдеді.

Семинардың мақсаты – балалрдың құқықбұзұшылықтар туралы білімдерін пысықтау, бұзұшылық түрлері және олар үшін жазалаумен таныстыру, құқыққа қарсы әрекеттердің салдары туралы ұғымды қалыптастыра отырып, өздерінің әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыру болып табылады.

 

Яндекс.Метрика