Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

«Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды» делінген Ақорданың хабарламасында. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі  қызметін атқарған.

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат 1972 жылғы 10 желтоқсанда туған. 1998 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірді.

1998-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері.

2000-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің консультанты, Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы.

2007-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Кеңсесі бастығының орынбасары.

2018 жылғы ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» (2009), «Парасат» (2016) ордендерімен, мерейтойлық медалдармен наградталды.

Саясат ғылымдарының кандидаты.

Яндекс.Метрика