Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мектепке баратын жол

2018 жылғы 10 қазанда Астана қаласы «Есіл» ауданы ІІД қызметкерлері мен  учаскелік полиция инспекторлары аға лейтенант Ж. Аймағамбетова және У.Ж. Мусабекова «Қауіпсіздік және жол жүру ережелері» тақырыбы бойынша Академияның бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді.

Аталған іс-шараны өткізудің басты мақсаты – көше мен жолдарда қозғалыс кезінде жол жүру қауіпсіздігі туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыру болып табылады. Оқу жылының басталуымен қала көшелерінде оқушылардың қатысуымен жол бойында оқыс оқиғалар саны көбейді. Сұхбат барысында инспекторлар жолда өзін қауіп-қатерден сақтау амалдары мен ЖКА жағдайында алғашқы шаралар туралы мәлімдеді.

Балаларды ерте жастан бастап әр мәдениетті адамның мінез-құлық нормасына жататын Жол жүру ережелеріне (ЖЖЕ) деген зерделі көзқарасты қалыптастыру қажет.

Яндекс.Метрика