Қабылдау комиссияларының байланыстары

КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

27 қараша, 2019 жыл

КӘСІБИ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ: ТАРИХЫ, ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мерейтойы – бұл Қазақстандағы жетекші музыкалық ЖОО-ның бай тарихын қайта жаңғырту ғана емес, музыкалық білім берудің нақты қадамдары мен болашағын да талқылау. Консерваторияның құрылған уақытынан бастап туындаған шығармашылық бағыттар ресейлік, еуразиялық, орта Азиялық мектептермен тығыз байланысты. Заманауи нақтылықтар музыкалық білімді анағұрлым ғаламдық мәселеге айналдыруда, әлемдік деңгейдегі өзгерістерге алып келуде, әрі жаңа кезеңде оқу үрдісін жаңарту, ұлттық дәстүрлер мен XX жүзжылдық ұрпақтарын сақтап қалу міндеттерін алға тартады. Конференция аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
• Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тарихы;
• Консерватория және Қазақстандағы музыкалық білім;
• шығармашылық дәстүрді қалыптастыру мен дамытудағы музыкант-педагогтың тұлғалық рөлі;
• кәсіби музыкантты оқытудағы жаңа технологиялар мен әдістер;
• музыкалық білім берудің әлеуметтік мәдени мәні;
• музыкалық білім берудегі жаһандану мен өзара мәдени байланыс.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Тікелей немесе сырттай баяндамалармен қатысу мүмкіндігі бар.
2019 жылдың 20 қазанына дейін Ұйымдастыру комитетіне қатысуға өтінім мен баяндаманың толық мәтіні жіберілуі тиіс. Өтініште (бөлек файлда немесе хатта) баяндаманың аты, қатысушының толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны немесе оқу орны, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі. Студенттер, магистранттар мен докторанттардың да толық аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми кеңесші / кеңесші лауазымы көрсетілуі тиіс. Конференция қатысушыларына жинақтың электронды нұсқасы беріледі.
Ұйымдастырушылық төлемдер қарастырылмаған. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми немесе шығармашылық этиканың нормаларына немесе баяндаманы дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтініштерді қабылдамауға құқылы. Бағдарламаға баяндамасы енгізілген барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жол жүру және тұратын орынды жіберуші тарап төлейді.
Мекен-жай: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ. 86. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
E-mail: knk.nauka@gmail.com. Тел. +7(727)261-63-64

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика