Қабылдау комиссияларының байланыстары

Зиянды әдеттер және олардың салдарлары

2019 жылғы 12 сәуірде тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімі Қазақ ұлттық хореография академиясының кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жоғары сынып оқушылары мен студенттері үшін семинар өткізді. 

«Зиянды әдеттер және олардың салдарлары» тақырыбына семинар өткізудің мақсаты – Академия тәрбиеленушілері арасында тәуелділіктің алдын алу. 

Семинар Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп өткізілді. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Ашен Мадина Ғабитқызы және Токтарова Жанна Шамильқызы психобелсенді заттардың, темекі қоспаларының зияны, ішімдіктің ағзаға тигізетін әсері жөнінде таныстырылым ұсынды. Таныстырылым аяқталғаннан кейін Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушілері сұрақтарға жауап беріп, бейнероликтер көрсетті.   

Яндекс.Метрика