Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жаңа жылға дайынбыз

«Астана Опера» әртістері тыңдаушыларға жаңа жылдық көңіл күй сыйламақ. 22 желтоқсан күні театрдың Камералық залында «Музыкалық дивертисмент» концерті өтеді.

Тыңдарман қауымға мерекелік кештің қызықты да мәнерлі бағдарламасын вокалистер – «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елена Ганжа, Татьяна Вицинская, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Ерұлан Кәмел, Нұрлан Шауаханов, Мағжан Аманжолов, Гүлсара Жазитова, Нұрсұлтан Шатырханұлы, Жанна Тышқанова, сонымен қатар аспапшы музыканттар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаттары Балжан Сапарова (флейта), Асқар Мұқанов (виолончель), Раушан Бескемпірова, Жанар Ахметова, Данияр Есімханов (фортепиано) ұсынады.

Тыңдаушы назарына түрлі стильдер мен бағыттардағы композиторлардың танымал вокалдық әрі аспаптық туындылары ұсынылады. Й.Гайднның фортепианолық триосы до мажор және Дж.Энескудің флейта мен фортепианоға арналған «Cantabile et presto» аспаптық шығармалары алғаш рет орындалатын болады. Бұдан бөлек, Э.Гранадос – Г. Кассадоның Интермеццо, К.Сен-Санстың «Аққу», Ф.Крейслердің «Махаббат азабы», «Керемет розмарин», Ф.Шопеннің № 2 скерцо си-бемоль минор туындысы шырқалады.

В.Беллинидің «Сомнамбула» операсынан граф Родольфоның ариясы, Ж.Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариясы және Ж.Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильоның ариясы, Ш.Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның вальсі, Ф.Легардың «Веселая вдова» опереттасынан Ганна мен Данилоның дуэті, «Страна улыбок» опереттасынан ханзада Су-Чонгтың ариясы, К.Дебюссидің «Чудесный вечер», И.Штраустың «Весенние голоса», Л.Ардитидің «Поцелуй», Д.Обердің «Взрыв смеха» және т.б. вокалдық музыка жауһарлары кештің көркін аша түспек.

Концертті жүргізуші – Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова.

Яндекс.Метрика