Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2018 жылғы 14 қарашада Академия студенттері, кураторлары мен оқытушылары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілімен кездесті.
Кездесу тақырыбы – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Спикері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қ. бойынша басқармасының бас маманы Алан Әбдісерікұлы Исақұл болды.
Өз сөзінде спикер қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйеде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, ол қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекет қауіпсіздігі мен экономикасына төнетін тікелей қауіп екенін атап өтті, себебі ол жұртшылықтың мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімін бұзуға септігін тигізеді. Осы құбылыстың қазіргі қоғамда кең етек алуын болдырмау үшін, қоғамның санасы мен менталитеттінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бекітуге септігін тигізетін шаралар қабылдау қажет.
Кездесу барысында көпшіліктің назарына Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды.
Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сыбайлас жемқорлық проблемалары бойынша сенім телефонының жұмысына қатысты сұрақтар қойды.

Яндекс.Метрика