Қабылдау комиссияларының байланыстары

Елбасы жолы. Астана


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Академия оқытушылары мен студенттері Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмінің алғашқы көрсетіліміне қатысты. Нақты оқиғаларға негізделген кинокартина әр көрерменнің бойында өшпес әсер қалдырды.
Лента ел үшін өзгерісті кезеңде Елбасының астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдағаны жөнінде баяндайды. Фильм саясат және саяси қайраткерлер, шиеленістер мен еңсерілмейтін қиындықтар туралы. Сол кезде амбициясы бар жаңа мемлекетке бүкіл әлем алдында өз мүмкіндіктерін көрсетуі қажет болды. Бұлыңғыр кезеңде астананы көшіру туралы шешім жөнінде жариялап, Президент өз серіктестерімен бірге тек алға нық қадам басты, соңында жеңіске жетті.
Қазір елорда – бұл жас мемлекетіміздің символы.
Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық саясаткерлердің, сарапшылардың, саясаттанушылардың, мәдениеттанушылардың, журналистердің, ғалымдардың басты назарында, олар үшін бірегей модель – бейбітшілік пен келісім үлгісі. Шетелдік аналитиктер және танымал саяси әрі экономикалық қайраткерлер Нұрсұлтан Назарбаевты уақыт талабын нақ және көрегендікпен танитын халықаралық ауқымдағы үлкен стратег деп атап көрсетеді.
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» Жолдауы осының айғағы.

Яндекс.Метрика