Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұлттық сананы жаңғырту: зияткер ұрпақты дамытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері

Құрметті әріптестер! Атырау облыстық Білім беру басқармасы  Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, танымал ғалым, тәжірибелі ұстаз, іскер басшы, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның директоры Нұрлыбек Ғилажұлы Даумовтың 60 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық сананы жаңғырту: зияткер ұрпақты дамытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды.

Конференция мақсаты дарынды балалармен жұмыс бойынша тәжірибе алмасу, заманауи білім беру жүйесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру болып табылады. Конференция Атырау қаласында 2018 жылдың 23 қарашасында өтеді. Қатысуға ниет білдірушілерге 2018 жылдың 16 қарашасына дейін керекті мәліметті мына электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: konference_np@mail.ru

Конференцияға қатысу, баяндама материалдарын ұсыну тегін.

Апараттық хат
Қосымша

Яндекс.Метрика