Қабылдау комиссияларының байланыстары

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Түркі әлемі: Тарихы терең Түркістан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция түркі дүниесі ғалымдары мен жас буын өкілдерінің түркі тарихының өзекті мәселелерін талқылауда ортақ ғылыми жоба жасау, зерттеудің жаңа бағыттарын анықтау, жастарды ортақ тарихымыздың құндылықтарында тәрбиелеуді мақсат етеді. Конференция жұмысына ЖОО профессор-оқытушылары, колледж, ЖОМ мұғалімдері, мұрағат және мұражай қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары қатыса алады. 

Халықаралық конференция

Яндекс.Метрика