Қабылдау комиссияларының байланыстары

Астаналық цирк

2018 жылғы 20 желтоқсанда Академия тәрбиеленушілері Астаналық циркке  Морис Метерлинктің «Көк құс» ертегі-мысалының желісі бойынша «Бақыт құсы» атты жаңа жылдық цирк қойылымын тамашалауға барды.  

Сәнді костюмдер, үйірімпаз әртістер, жарқын әрі ұмтылмас трюктер, ауа гимнастарының ұшулары, акробаттардың қарама қарсы алтыбақандардағы бас айналдыратын секірулері, тепе-теңдік және эквилибристика қызықтары, жонглеров-виртоуздардың ептілігі мен шеберлігі. Көңілді далматин иттердің, епті ешкілер мен понилердің, әртүрлі құстардың, батыл атқа мінушілердің және Аяз Ата мен Қаршақыздың өнер көрсетулері бүкіл спектакль көрермендердің көңілін көтерді.   

Балалар цирк ертегісінің таңғажайып әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге Жаңа жылды қарсы алды.  Сальтолар мен айналулар және адам сенгісіз төбеге дейін ұшып шығулар Академия оқушыларына ұмтылмас әсер қалдырды. 

Яндекс.Метрика