Қабылдау комиссияларының байланыстары

Арыстанбек Мұхамедиұлы әзірбайжандық танымал музыканттар Мұстафа Мехмандаров пен Муртуза Бюльбюльмен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әзірбайжандық танымал музыканттар Мұстафа Мехмандаров пен Муртуза Бюльбюльмен кездесті. 

Сондай-ақ кездесуге Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің кеңесшісі Агаджавид Рамазанов қатысты.

«Сіздерді түрік мәдениетін дамыту мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысуға шақырамыз» – деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өз кезегінде, Дүйсен Қорабайұлы мен әзірбайжандық делегация министрге жылы кездесу үшін өз алғысын білдірді. Арыстанбек Мұхамедиұлы делегацияға Қазақстанға келгені үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов  мерейтойға арнайы әзірленген «Кара Караев» ескерткіш сыйлығын ұсынды.

Естеріңізге салсақ,  Астанада КСРО ха­лық әртісі, әйгілі әзер­бай­жан композиторы Қара Қараевтың 100 жыл­ды­ғына орай мерей­тойлық концерті өткен болатын. Астана мемле­кет­тік академиялық филар­мо­ниясының Симфониялық оркестрі әзірбайжандық танымал музыканттар Мұстафа Мехмандаров пен Муртуза Бюльбюльдің сүйемелдеуінде атақ­ты «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасынан үзінді, «Жеті сұлу» балетінен «Прекраснейшая» және «Вальс» шығармаларын, сондай-ақ «Тропою грома» ба­летінен №2 сюитаны орындады.

 

 

Яндекс.Метрика