Қабылдау комиссияларының байланыстары

Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Балуан Шолақ» көркем фильмі балуанның елі мен жеріне қамқоршы азамат екендігін көрсететін туынды»

11 сәуір, 2019. Нұр-Сұлтан қаласында «Kinopark 8 Imax  Saryarka»  кинотеатрында «Балуан Шолақ» көркем фильмінің премьерасы өтті. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмнің режиссері – Нұргелді Садығұлов. Тарихи кинолента палуан, әнші әрі композитор Балуан Шолаққа арналған.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сценарий авторы Дулат Исабеков, режиссері Нұргелді Садығұлов, продюсері Сәбит Әбдіхалықов, актерлер Еркебұлан Дайыров, Сағаділдә Үсіпәлі, ҚР Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан. Сондай-ақ, түсірілімдер Павлодар қаласында және Бурабай курортты аймағында өткен.

«Бүгін отандық кинематографиямыздың қоржыны тағы бір фильммен толыққалы тұр. Назарларыңызға жас режиссер Нұргелді Садығұловтың «Балуан шолақ» фильмін ұсынамыз. Фильм аты айтып тұрғандай, қазақтың халық композиторы, жауырыны жерге тимеген палуан, ұлт мақтанышы – Балуан Шолақ туралы. Оның елі мен жеріне қамқоршы азамат екендігін көрсететін туынды» – деп атап өтті министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.   

Картина режиссері Нұргелді Садығұлов «Мен үшін маңыздысы жас ұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету. Фильмнің қалай шыққанын экран көрсетеді. Түсірілім тобымен өте жақсы жұмыс жасадық. Әсіресе актерлерді – Балуан Шолақты сомдаған Еркебұлан Дайыровты, Ақылбайды ойнаған Медғат Өмірәлиевті және Долгоносовтың образын аша білген Александр Багрянцевті атап өткім келеді» деді.  

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ

Сценарий авторы: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов

Қоюшы оператор: Р.Қосай

Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов

Киім суретшісі: М.Торыбаева

Арт-продюсері: С.Әбдіхалықов

Атқарушы продюсері: Б.Байназаров

Садығұлов Нұргелді Серікұлы

Білімі: 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 – 2002жж.)

Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 – 2010жж.)

Мамандығы:  көркем фильм және ТВ режиссері

Фильмографиясы: 
Деректі фильмдер: «Көкпар» 1998ж., «Отшельник поневоле»  1999ж.,  «Ковер» 2000ж., «Соғым» 2002ж., «Скрипка и виолончель» 2003ж., «Семейный дом Купкиных» 2004ж., «Түркістан» 2007ж., «Абай» 5 серия 2012ж.,  «Исабеков әлемі» 2013ж.

Көркем фильмдер: «Игрушки» 2007ж. «Молоко» 2009ж. «Кредитке махаббат» 2010ж. «Зұлмат», «Біздің ауыл – во!» 2011ж.

Деректі фильмдер циклы:«Саят» 2005ж., Сериал «1 сынып» 2005ж., «Әпке» 2013ж., «Ұлт мақтанышы» 2013ж.

Яндекс.Метрика