Қабылдау комиссияларының байланыстары

Анкарада «Ұлы Дала рухы» атты көрме ашылады

2018  жылдың 14 қараша күні Мұстафа Айяз атындағы Заманауи өнер музейінде (Анкара, Түркия) президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, ХХ ғасырдың соңы – ХХI ғасырдың басындағы қазақстандық суретшілердің 32 кескіндемелік және графикалық жұмыстарын ұсынатын «Ұлы Дала рухы» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен ұйымдастырылған.

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы 1993 жылы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия мәдениет министрлерінің шартқа қол қоюы негізінде құрылған. Қазір 14 ел ТҮРКСОЙ-дың мүшесі болып табылады. Олардың алтауы ұйымның негізін қалаушы, 8 ел – бақылаушысы, олардың ішінде: Алтай Республикасы (РФ), Татарстан Республикасы (РФ), Саха Республикасы (Якутия) (РФ), Тыва Республикасы (РФ), ТАО Гагауз Елі (Молдова) және басқалары. ТҮРКСОЙ әлемдегі түркі мәдениетін танытатын және оның дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа жеткізетін түркі халықтарының рухани жақындасуы мен бауырластық бірлігін нығайтуды  өз міндеті деп біледі. 2008 жылдан бастап бүгінге дейін, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы қазақ музыканты, профессор, дипломат әрі қоғам қайраткері Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов болып табылады.Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі – қазақ бейнелеу өнерінің әлемдегі ең ауқымды коллекциясына ие Қазақстандағы ірі көркемсуретті музей. «Ұлы Дала рухы» көрмесі көшпенділер мәдениетінің, қазақтың тұрмыс дәстүрі, ұлттық ат-спорттық ойындары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бірегей ерекшелігін көрсетеді. Ол қазіргі заманғы түркітілдес елдердің бейнелеу өнері, өткенге, тарихқа, оның аумағында болған ежелгі өркениеттерге, қазіргі заманғы адамзат проблемаларына және рухани ізденістерге деген үлкен қызығушылығының айқын үлгісі болып табылады.32 кескіндеме және графика туындылары түрік көрермендері мен түрік астанасының қонақтарын қазақстандық Евгений Сидоркин, Әбдірашит Сыдыханов, Дулат Әлиев, Ғани Баянов, Бахыт Бапишев сынды өнер шеберлерінің, сондай-ақ Марат Бекеев, Шамиль Гулиев, Нелли Бубэ, Асқар Есдәулет, Алмагүл Меңлібаева, Андрей Нода, Гүлжамал Тагенова, Алпысбай Қазығұлов және Вячеслав Люй-Ко сияқты қызықты заманауи суретшілердің шығармашылығымен таныстырады.     Қазақ кескіндемесінің классигі Евгений Сидоркиннің төрт графикалық туындысы «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» топтамасынан «Бесік жыры» және «Қазақтың ұлттық ойындары» топтамасынан «Қыз қуу», «Бәйге» және «Көкпар» ғаламат композициялық шешімімен ерекшеленеді. «Қазақтың ұлттық ойындары» топтамасында суретші қазақтардың ең көне ұлттық ойындарының рухын – шапшаң қозғалысын, бәсекелестік құмарлығын және күрес қарқындылығын көрсетеді. «Бесік жырында» керісінше, ең нәзік сыршылдықты − өз сәбиін сүюге иілген, емірене құшақтаған ана бейнеленген. Біздің шебер Әбдірашит Сыдыханов таңбалық кескіндеменің негізі ретінде қазақтардың ежелгі рулық таңбасын алып, көркемдік өрнектің түбегейлі жаңа тұжырымдамасын ұсынған кездегі шығармашылығының маңызды кезеңін бейнелейтін «Шопан «Таңба» шығармасымен ұсынылған.Нелли Бубэнің «Көшпенділер», «Қонақжайлылық», «Қазақстан әйелдері», «Ай керуені» және «Скифтер» атты барлық туындылары көшпенділердің бірегей көркем этникалық бейнесін  – түйемен көшу, сауда керуендері, әйелдердің ұлттық киімін және қазақтың қонақжайлылығының жылулығын білдіреді. Суретші өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында тәжірибе жасап, бірегей аралас техниканы, рельефтік кескіндеменің техникасын жетілдіру кезінде өзін айқын танытты. Майлы бояуларды әр түрлі материалдармен араластыру арқылы, Нелли қиялды емес, форманы жасайды.Пост-авангард пен импрессионизмнің мүлдем өзге техникасында басқа белгілі қазақстандық суретші Гүлжамал Тагенова жұмыс істейді. Оның «Көктем», «Жартасқа салынған суреттер» және «Таулар тынысы. Қаскелең» −  көрмелік туындылары туған жердің сұлулығын, көктемгі бояулардың еліруін және жас қазақ қыздарының әсемдігін жырлайды. Гүлжамал әйел болмысының сәттерін – сәукеледегі қазақ қалыңдығын түсіріп алуды жақсы көреді. Гүлжамал өзінің күллі шығармашылығында ұлттық киімдердегі қазақ қыздарының романтикалық бейнелерін жасаумен келеді. Вячеслав Люй-Коның «Теңіз маңындағы қала. Ымырт», «Өткел. Сырнай туралы әңгіме»,  «Бір кездері мен осында тұрғанмын», «Сенбі. Қашқан қалыңдық» шығармалары  терең философиялық мағынаға, байланыстар мен пайымдауларға толы. Суретші үшін ең бастысы − сюжет, астарлы әңгіме, тарих. Алпысбай Қазығұловтың кенептері болмыс аспектілері туралы эмоциялық пікірлер бола отырып, абстракция мен символизмнің шекарасын тең ұстайды. Музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева атап өткендей: «Көрме Қазақстанның заманауи өнерінің кең стилистикалық әртүрлілігін ұлттық бояуы мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсете отырып, көрнекі түрде ұсынады. Ә. Қастеев атындағы өнер музейі шетелдік көрмелерді әр түрлі елдерде ұйымдастыру арқылы, қазақ өнерін халықаралық деңгейге көтеріп, әлемді төл мәдениетіміз, тарихымыз бен бейнелеу өнерімен таныстырады». 

Яндекс.Метрика