Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті
Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Салтанатты кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жабылу рәсіміне әлемдік және қазақстандық кинематоргафтың жарқын жұлдыздары қатысты.
14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары болып:
«Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:
Гран-при ең үздік фильм – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса
Үздік режиссер – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағы әйел» (Исландия)
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин
«Ата-бабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:
Гран-при ең үздік фильм – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков
Үздік режиссер – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Калымбетов
Үздік сценарий – «Шынар» (Туркия), режиссер Мустафа Карадениз
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов
Ең үздік актриса – Феруза Саидова «Әкем ауырып қалды» (Өзбекістан), режиссер Зульфикар Мусаков
Ең үздік актер – Акылбек Абдыкалыков, «Түңгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров
НЕТПАК арнайы жүлдесі – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов
Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлде – Сердар Гёкхан, актер (Туркия)