Қабылдау комиссияларының байланыстары

Алматыда «Орталық Азия халықтары мәдениеттерінің диалогы» атты І-ші Алматы халықаралық мәдени форум өтеді

«Орталық Азия халықтары мәдениеттерінің диалогы» атты І-ші Алматы халықаралық мәдени форумы 

2018 жылдың  қараша айының 21-22 күндері Алматы қаласында тұңғыш рет «Орталық Азия халықтарының мәдениеттер диалогы» атты халықаралық форум өтеді

Форум Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылдың наурыз айында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының І Саммиті  аясында  өткізіліп отыр.  

Ұйымдастырғандар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы 

Форум жұмысы екі күннен тұрады:

21 қараша. Сағат 10.00-де Орталық Азия мәдениеті мен өнерінің  тарихы,  мәдениеттегі қазіргі заманғы үрдістері, ұлттық мәдениеттің келешегі, жас ғалымдар мен жастардың жалпы мәдениетті жақындастыру процесіндегі рөлі тақырыбында  жоғары оқу орындарында, колледждерде, музейлерде, кітапханаларда тағы басқа мәдени, білім беру орындарында пікірталастар, дөңгелек  үстелдер, дәрістер  өтеді.  Сарапшылар мен форумның  қонақтары  осы  іс-шараларда дәрістер оқып, шеберлік  сабақтарын өткізеді.

22 қараша. Сағат 10.00-де  «The Ritz-Carlton» қонақүйінде (әл-Фараби даңғылы 77/7). Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесінің ашылуымен басталады.

11.00-де  «The Ritz-Carlton» отелінің конференц-залында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және басқа елдердің көрнекті мәдениеттанушы-ғалымдары, ақын-жазушылары, тарихшылары, отандық жетекші мамандары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен халықаралық форум өз жұмысын бастайды.

Форумның модераторы – танымал мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов.

Пікірталаста талқыланатын тақырыптар: Орталық Азия өркениетіндегі ортақ мәдениет пен дәстүр; мәдени әртүрлілікті дамыту; түрлі мәдениеттер диалогы және тағы басқада өзекті тақырыптар.

Форумға Раев С. (Қырғызстан), Сулейманов Р.Х. (Өзбекстан), Ходжакулиева Г. (Өзбекстан), Бабаджанова М.М. (Тәжікстан),  Ермахмад Ниези  (Тәжікстан). Таиров  А.Д. (Ресей)  және тағы басқа көптеген танымал қазақстандық және Орталық Азияның ғалымдары, зерттеушілері мен қоғам қайраткерлері қатысады.  

Халықаралық форум жұмысы  атақты өнер шеберлері мен орындаушыларының қатысуымен өтетін этникалық гала-концертпен аяқталады.

Яндекс.Метрика