Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияның бірінші курс білім алушылары студенттер қатарына қабылданды!

Бітіру емтихандары артта қалды, енді болашақ мамандық таңдау күрделі мәселесі тұр.  Жоғары курстар Қазақ ұлттық хореография академиясында білім алу – бұл тек дәрістер, семинарлар, сынақтар мен емтихандар емес, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық дамуындағы деңгей екендігін дәлелдеуге тырысты. 

Нағыз студент болу үшін студенттер қатарына қабылдау рәсімінен өту қажет екенін бәрі біледі.  Бұл міндетті рәсімнен барлық бірінші курс студенттері өтеді. 

«Студенттер қатарына қабылдау – 2019» мерекесіне Академия дәстүрлі түрде өзінің барлық достарын шақырып, ұмытылмас, жарқын сонымен қатар терең мәні бар іс-шара ұйымдастырды.  «Сегіздің күші» атты концертте барлық курстардың студенттері қатысты. Орындалған нөмірлердің арасында Академия педагогтарының ең үздік қойылымдары болды, сондай-ақ студенттердің өздері шығарған өлеңдер, әндер мен хореография орындалды. 

Орталық Азиядағы жалғыз Хореография академиясының талантты оқушылары бірінші курс білім алушыларын тату-тәтті студенттер отбасына қабылдау белгісі ретінде оларға ортақ студенттік символдарды табыс етті.         

Академияның бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті деген мәртебеге ие болу шынымен мақтаныш сезімге бөлейді.  

Бірінші курс студенттері осы студенттер қатарына қабылдау күнін асыға күтті. Міне, көптен күткен мереке де өз мәресіне жетіп, жарқын, есте қаларлықтай деңгейде өтті. Осы кезден бастап Академия білім алушыларының қатары бірінші курс студенттерімен толықты деп айтуға болады. Бірінші курс студенттерін үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Олардың біреуі ғылымда үлкен жетістіктерге қол жеткізсе, екіншісі бүкіл балет әлеміне әйгілі солист болып, ал үшіншісін келесі жылы сахнада талантты әртіс ретінде көруіміз мүмкін. 

  Қазақ ұлттық хореография академиясы бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдануымен құттықтайды! Оқуда табыстарға жетіп, ойлаған армандарының орындалуына тілектестік білдіреді!

Яндекс.Метрика