ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ: ТАРИХТАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН

«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ:
ТАРИХТАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН»
XI Еуразиялық Форум

Құрметті оқытушылар, магистранттар мен докторанттар!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сізді 2019 жылғы 25 қазанда “Ұлы Дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін” атты XI Еуразиялық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.
Форум жұмысы “Рухани Жаңғыру” бағдарламасын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ұлы Даланың жеті қыры” бағдарламалық мақаласын, 2019 жылғы 02 қыркүйектегі ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
Еуразиялық Форумның негізгі мақсаты – Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі тәжірибесімен алмасу. 2020 жылы ұлы ойшылдардың мерейтойы – әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлы 175 жылдығы аталып өтіледі, осыған байланысты Еуразиялық Форумның жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
– тарихи тұлғалар контексіндегі Ұлы Дала;
– әл-Фараби және араб-мұсылман әлемі;
– абайтанушылардың тұжырымдамалық мәселелері;
– қазіргі тарих ғылымы және қоғамдық сананың жаңғыруы.
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндаманы Форум бағдарламасы мен жинағына енгізу үшін 2019 жылдың 20 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің адресіне тіркеу формасын, баяндама мәтінін жолдау қажет.
Ұйымдастыру комитетінің адресі: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ті, Пушкин көшесі, 11, 312 аудитория, e-mail: eurasian.forum.enu@gmail.com
Байланыс мәліметтері: Батталов Қайрат Қанатұлы – ұялы тел. +77757675752; Жапекова Гүлфайруз Қабдолқызы – ұялы тел. +77013241971; Мұхамеджанова Нұргүл Ахметжанқызы – ұялы тел. +77751751876.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Яндекс.Метрика