«Эко сағат» елордаға жаңа тыныс сыйлады

Еліміздің барлық мектептерінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен алғашқы республикалық экологиялық сағат өтті. Үкімет мүшелері, әкімдер, қоғам қайраткерлері және Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарының оқушылары өткізілген акцияға қатысты. Басты мақсат – өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту. 

Қазақ ұлттық хореография академиясы да осы акцияға өз үлесін қосты.  Академияның 120-дан астам оқушысы білім беру ұйымының ауласында ағаш отырғызды. 

Осы күні еліміз бойынша 200 мыңнан аса ағаш отырғызылды.  Аталған эко-сағат Бүкіл әлемдік қоршаған ортада мекендеу орнын қорғау күніне арналған.

Яндекс.Метрика