Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша call-центр номері +7 (7172) 798-570
Қашықтықтан оқыту технологиясы сұрақтары бойынша электронды почта адресі Support@balletacademy.kz
Білім алушыларға, ата-аналарға және оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету орталығы телефон номері +7 (7172) 790-848

Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы

2019 жылғы 20 қыркүйекте Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі хореография саласының терминологиясын қалыптастыруға, осы негізде оқу-әдістемелік еңбектер жазуға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы» тақырыбындағы онлайн-конференцияға қатысты.

Онлайн-конфереренцияға еліміздегі жетекші оқу орындары, атап айтсақ, Назарбаев Университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары қатысып, аталған тақырып аясында нәтижеге бағытталған диалог алаңын құра білді.  

Сондай-ақ, онлайн-конференцияда хореография саласының күні бүгінге дейінгі қалыптасқан терминологиясына қатысты мәселелер де сөз болып, Академия тарапынан аталған іс-шараға «Режиссура» кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты Тойған Оспанқызы Ізім қатысып, сала терминдері жайлы өзекті ойларын ортаға салды.

Яндекс.Метрика