Қабылдау комиссияларының байланыстары

Білім күнімен!

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында болды Білім күніне арналған салтанатты жиын болды. 

Академия ректоры – Алтынай Асылмұратова құттықтау сөз сөйлеп, болашақ бишілерге ақ жол тіледі.  Жаңа оқу жылы оқушылар үшін ғана емес, сондай-ақ ата-аналар үшін де балет әртістерін даярлаудағы қиын жолдың бастауы болмақ. «Сіздер бізге өмірдегі ең қымбат дүние – балаларыңызды сеніп тапсырдыңыздар. Осы үшін Сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, береке тілеймін» – деді Алтынай Абдуахимқызы.  

Бүгінгі іс-шараның айықша ерекшелігі – 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Олар тұрғын үй корпусында тұру және оқу үшін жасалған жағдайларды, балет залдарын, оқу сыныптарын, бассейн және ғимараттың барлық инфрақұрылымын өз көздерімен көрді.

Академия оқушылардың кезекті ағынын қарсы алуға дайын: ең үздік балет оқытушылары, концертмейстерлер шақырылды, дәрісханалар мен балет залдары дайындалды, атақты шетелдік хореографтардың шеберлік кластары, сонымен қатар халықаралық фестивальдерге қатысу жоспарланды. Жаңа оқу жылы оқиғаға толы әрі қызықты болмақ.

Жаңа оқу жылы жақсы жаңалықтар мен әсерлі оқиғаларға толы болсын, қымбатты достар!

 

Leave A Reply

Яндекс.Метрика