А. Мұхамедиұлы: «Кинематография туралы» Заң ұлттық киноның әлемдік киноға шығуына мүмкіндік береді»

19 ақпан, 2019. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында қазақстандық киноны дамыту мәселелері талқыланды.Ведомство басшысы хабарлағандай, «Кинематография туралы» заң Ұлттық киноөндіріске қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазақстандық киноны жаппай прокатта ілгерілетуге ықпал етеді және оның шетелдік фильмдер алдында басымдығын қамтамасыз етеді.

«3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан тарихындағы алғашқы «Кинематография туралы» Заңға қол қойды.Барлық киноқауымдастық үшін және барлық қазақстандықтар үшін бұл тарихи оқиға болды.Біз барлық прогрессивті әлемде киноөнер қоғамның дамуына және қоғамдық сананың қалыптасуына ықпал ете отырып, орасан зор әлеуметтік және идеологиялық әсерге ие екенін жақсы түсінеміз», – деп атап өтті министр.

Заңның негізгі сәті мемлекет тарапынан киножобаларды қаржыландырудың жаңа моделін енгізу және оларды одан әрі ілгерілету болды. Ол үшін ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы құрылады, ол киноөндіріске арналған қаражатты бөлу операторы ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарықты қоса алғанда, киноның кең бұқаралық прокатқа шығу мәселелерімен айналысатын болады!

Қазіргі уақытта бұл мәселемен ешкім айналыспайтынын бәріміз білеміз, елімізде мамандандырылған продюсерлік компаниялардың жұмыс жүйесі мүлдем дамымаған, олар фильмдердің дайын болу кезеңінде жақсы маркетингін қамтамасыз етеді, бізде тамаша режиссерлер, тамаша сценаристер, жоғары кәсіби шығармашылық құрам, әдемі әртістер бар.

Ведомство басшысы соңғы бес жылда орасан зор серпіліс жасалғанын – прокаттағы ұлттық киноның үлесі іс жүзінде екі еседен астам 6% – дан 14% – ға дейін артқанын атап өтті. (2009 жылдан бастап 2019 жылға дейін 10 жыл ішінде 1,6% – дан 14% – ға дейін).

Сондай – ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы 26 ақпанда «Алтын Тақ» картинаның жалғасы премьерасы өтеді деп атап өтті. Барлығын қуана шақырамын (Наурызда кең прокатқа шығады). Сонымен қатар, Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи жобасымен жұмыс аяқталды, картинаның монтаж жұмыстары жүргізілуде.Сонымен бірге, биыл біз «Абылай хан», «Обретая вечность» тарихи фильмін іске қосуды жоспарлап отырмыз». «Қасым хан», және «Ботай-арғымақтар мекені» анимациялық картинасы және т.б.

Жақын арада әлемдік прокатқа алғашқы қазақ-қытай «Композитор» фильмі шығады.Самал Еслямова, Дулыға Ақмолда және танымал жапон актері Мирай Мориямның қатысуымен режиссер Ерлан Нұрмұхамедовтың «Конокрады» бірлескен қазақстан-жапон фильмінің түсірілімі аяқталды.

Биыл «Worldrace Productions, Inc» американдық компаниясының түсірілімімен «The Amazing Race» әлемдегі ең ауқымды және күрделі шоудың үлкен тұсаукесері өтеді,өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Қазақфильмнің» көмегімен түсірілім жүзеге асқан болатын, трансляция белгілі американдық CBS арнасында жүргізіледі.Алда тағы бірнеше ірі киножобалар күтілуде.

«2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа сапары аясында Мемлекет басшысы америкалық киноиндустрия қауымдастығының вице-президенті Гейл Маккинен ханыммен кездесті,Голливудтың Қазақстанмен жұмыс істеуге деген қызығушылығын атап өтті.Бұған дейін мен ірі американдық кинокомпаниялар  «Warner Bros. Entertainment, Inc», «Motion picture», «20th Century Fox», «NBC Universal», «The Walt Disney Company», «YMF Enterprises Paramount Pictures Corporation», «HBO West Coast Production», «A+E Studios» және басқа да киноөкілдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладым», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

АҚШ-тың ірі кино – және телекомпанияларының басшылары мен өкілдері, атап айтқанда, «NBS Universal», «CEO of Global Policy Initiatives» және бірнеше компанияларҚазақстанға келіп, біздің техникалық, кадрлық мүмкіндіктерімізге жоғары баға берді және олар үшін аса маңызды, біздің мемлекетіміздің ынтымақтастық үшін геосаяси тұрақтылығы мен сенімділігін атап өтті.

Яндекс.Метрика