«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина бас жүлдені иеленді

Елордада Астана қаласының 20 жылдығына және Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған VII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. 
Екі күнге созылған дүбірлі айтыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтті. 
«Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысты. 
Айтыста үшінші орынды Ринат Заитов, Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртайұлы еншіледі. Ал екінші орын екі ақынға – Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназардың қанжығасында. Бірінші орынға «Айтыстың ақтаңгері» атанған Дидар Қамиев ие болса, бас жүлдені биыл батысқазақстандық Жансая Мусина жеңіп алды. «Алтын домбыра» иегеріне 5 млн теңге берілді.

Яндекс.Метрика