Қабылдау комиссияларының байланыстары

XVIII «Халықаралық консерватория аптасы» фестивалінің аясында Санкт-Петербургте екі концерт өтті

2018 жылдың 21-28 қазан аралығында Санкт-Петербург қаласында XVIII «Халықаралық консерватория аптасы» фестивалі өтті, оған Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның басшылығымен Қазақстан делегациясы да қатысты.

2018 жылдың 25 қазанында Шереметев сарайының концерт залында ҚР Халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаеваның фестиваль аясындағы алғашқы концерті дирижер Михаил Кирхгоффтың жетекшілігімен «Солистер академиясы» Мемлекеттік оркестрінің (Қазақстан) сүйемелдеуімен өтті. 

Концерт аясында В.А. Моцарттың «Ми-бемоль мажор оркестрмен скрипка және альта үшін концерттік симфониясы, KV 364» шығармасы орындалып, солист ретінде ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева (скрипка) және профессор Алексей Людевиг өз өнерлерімен көрермендерді тәнтті етті. Концерт дирижер Михаил Кирхгоффтың жетекшілігімен «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі орындаған Ф.Бриджаның «Ішекті квартет үшін үш идилла, H 67» атты шығармасымен өз жалғасын тапты.

2018 жылдың 26 қазанында ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева Н.А. Римский-Корсакова атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының ректоры Алексей Васильевпен кездесті. Кездесу барысында алдағы ынтымақтастық туралы сұрақтар талқыланды.

Осы күні Эрмитаж театрының концерт залында екінші концерт өтті. Концерт аясында Леопольда Кожелуханың «Си-бемоль мажор оркестрмен төрт қолға фортепиано үшін  концерт, P IV:8», Атора Пьяцолланың «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» атты туындылары ойналды.

«Фестиваль аясында Н.А. Римский-Корсакова атындағы Санкт – Петербург мемлекеттік консерваториясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны біз үшін өте жағымды жаңалық, міне бірнеше жыл болып қалды біз студенттер мен магистранттарды тәжірибе алмасу үшін жіберіп тұрамыз. Ынтымақтастық аясында «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі алғаш рет Санкт-Петербургке келді. Биылғы жылы Астананың 20 жылдық мерейтойы мен университетіміздің 20 жылдық мерейтойы аясында Ресей тарихының тұтас дәуірін сипаттайтын Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербургте өнер көрсеткенімізге өте қуаныштымын», – деді концерттен кейін ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева.

Яндекс.Метрика