Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының желiсiн және дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi оқу-әдiстемелiк кеңес туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 1 шiлдедегi № 428 бұйрығы

 


 

      «Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкiмiн орындау және дарынды балалармен жұмысты үйлестiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының желiсi;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың тiзiмi;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi оқу-әдiстемелiк кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Мектепке дейiнгi және орта бiлiм, ақпараттық технологиялар департаментiне (Ж. Жонтаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларына орындау және жұмыста басшылыққа алу үшiн жеткiзсiн.
      3. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Ш.Қирабаева):
      1) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының жұмыс жасауы үшiн нормативтiк және ғылыми-әдiстемелiк база құруды;
      2) дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi өңiрлiк ғылыми-практикалық орталықтардың, сондай-ақ мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      4. «Дарынды балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының желiсiн және дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi оқу-әдiстемелiк кеңес туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2004 жылғы 5 наурыздағы № 187 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi Е.Н. Иманғалиевке жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Бiлiм және ғылым министрi                         А. Сәрiнжiпов

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 1 шiлдедегi   
№ 428 бұйрығына     
1-қосымша        

          Мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының желiсi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 29.01.2016 № 119 бұйрығымен.

Бiлiм беру ұйымдарының атауы

Ақмола облысы

1.

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «М. Ғабдуллин атындағы № 3 көптiлде оқытатын кәсiби мектеп-гимназиясы» КММ

2.

Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, (қазақ тiлiнде оқытатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

3.

Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Астана қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты» КММ

4.

Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрiк лицейi» мектеп-интернаты» КММ

5.

Ақмола облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернаты» КММ, Степногорск қаласы

Ақтөбе облысы

6.

Ақтөбе облысы бiлiм басқармасының «Үш тiлде оқытатын №21 орта мектеп-гимназия» ММ

7.

Ақтөбе облысы бiлiм басқармасының «М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп- интернаты» КММ

8.

Ақтөбе облысы бiлiм басқармасының «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты» ММ

9.

Ақтөбе облысы бiлiм басқармасының «Дарынды жасөспiрiмдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрiк лицей- интернаты» КММ

Алматы облысы

10.

«Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын №20 арнаулы лицейi» КММ

11.

«Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң Талдықорған қаласындағы «Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын Мұхтар Арын атындағы № 24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейi» КММ

12.

Алматы облысының бiлiм басқармасының Талғар ауданындағы «Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын мектеп жасына дейiнгi шағын орталығы бар №8 арнаулы гимназиясы» КММ

13.

Алматы облысының бiлiм басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» ММ

14.

Алматы облысының бiлiм басқармасының Жамбыл ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тiлде оқытатын Қарғалы № 2 арнаулы гимназиясы» КММ

15.

«Алматы облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң «Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп- интернаты» КММ

16.

Облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Талдықорған қаласы

17.

«Алматы қазақ - түрiк қыз балалар лицейi» мемлекеттiк емес бiлiм беру мекемесi, Алматы қ.

18.

Талдықорған қаласының бiлiм бөлiмi ММ қазақ-түрiк жасөспiрiмдер лицейi-интернаты КММ

19.

Еңбекшiқазақ аудандық бiлiм бөлiмiнiң «А. Мәлкеев атындағы Есiк қазақ-түрiк лицей-интернаты» КММ

20.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың бiлiм беру қоры» Қоғамдық қорының филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейi

Атырау облысы

21.

Атырау облысының бiлiм басқармасының «Үш тiлде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 30 мектеп- гимназиясы» ММ

22.

Атырау облысының бiлiм басқармасының «Атырау облысы дарынды балалар мектеп-интернаты» ММ

23.

Атырау облысының бiлiм басқармасының «Н. Тлендиев атындағы Атырау облыстық кiшi өнер академиясы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесi бар мамандандырылған мектеп» ММ

24.

Атырау облысының бiлiм басқармасының «Облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесi бар гимназия» ММ

25.

Атырау облысының бiлiм басқармасының «Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесi бар лицей» ММ

26.

Атырау облысының бiлiм басқармасының «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесi бар қазақ-түрiк лицейi» ММ

27.

«Атырау облысы бiлiм басқармасының «Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты» КММ

Шығыс Қазақстан облысы

28.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Шәкәрiм атындағы облыстық үш тiлде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп» КММ, Семей қаласы

29.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп- кешен орталығы» КММ

30.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейi» КММ

31.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 34 мектеп-лицейi» КММ

32.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты» КММ

33.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп- гимназия-интернаты» КММ

34.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

35.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенi» КММ

36.

Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебi» КМҚК

37.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп- лицей-интернаты» КММ

38.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған казак-түрiк лицейi» КММ

39.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған казак-түрiк лицейi» КММ

Жамбыл облысы

40.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi бiлiм, беру департаментiнiң үш тiлде оқытатын дарынды балаларға арналған мектебi» ММ

41.

Жамбыл облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернаты» ММ

42.

Жамбыл облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрiк мектеп-интернаты» КММ

43.

Жамбыл облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Айша Бибi атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрiк мектеп-интернаты» КММ

Батыс Қазақстан облысы

44.

Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 8 облыстық мектебi» КММ

45.

Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенi» КММ

46.

Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

47.

Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған казак-түрiк мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ

Қарағанды облысы

48.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

49.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

50.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

51.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

52.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» КММ

53.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «№ 1 қазақ-түрiк лицей- интернаты» КММ

54.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «№ 2 қазақ-түрiк лицей- интернаты» КММ

55.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «№ 3 казак-түрiк лицей- интернаты» КММ, Жезқазған қаласы

Қостанай облысы

56.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған Озат» мектеп-интернаты» КММ

57.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ

58.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм, басқармасының «Музыканы тереңдетiп оқытатын негiзгi мектеп» ММ, Рудный қаласы

59.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернаты» КММ

Қызылорда облысы

60.

«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар үш тiлде оқытатын «Мұрагер» мектебi» ММ

61.

Қызылорда облысы бiлiм басқармасының «№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ

62.

Қызылорда облысы бiлiм басқармасының «№ 9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрiк лицей-интернаты» КММ

63.

Қызылорда облысы бiлiм басқармасының «№ 10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрiк лицей-интернаты» КММ

Маңғыстау облысы

64.

Ақтау қаласы әкiмдiгi бiлiм бөлiмiнiң «Мамандандырылған экономикалық лицей» ММ

65.

Маңғыстау облысы бiлiм басқармасының «Түрлi пәндердi тереңдетiп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» ММ

66.

Маңғыстау облысы бiлiм басқармасының «Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк мамандандырылған мектеп- лицей-интернаты» ММ

Павлодар облысы

67.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназия» ММ

68.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектебi

69.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Мемлекеттiк тiлде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы бiлiм беру мектебi» ММ

70.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебi» ММ

71.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебi» ММ

72.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «ЬI.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ

73.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Екiбастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 1 лицей-мектебi» ММ

74.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» КММ

75.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты» ММ

76.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенi ММ

77.

Павлодар олбысының бiлiм беру басқармасы «Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрiк лицей-интернаты» ММ

78.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының Павлодар қаласы, «Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрiк лицей- интернаты» ММ

79.

Павлодар облыстық бiлiм басқармасының «Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» ММ

Солтүстiк Қазақстан облысы

80.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «ЛОРД» дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп- лицейi» КММ

81.

Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкiмдiгi «Петропавл қаласының бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң «Қазақ мектеп- гимназиясы» КММ

82.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ

83.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Солтүстiк Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық-эстетикалық бағыттағы мектеп-интернаты» ММ

84.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған Солтүстiк Қазақстан облыстық мектеп- интернаты» ММ

85.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрiк мектеп-лицей-интернаты» КММ

Оңтүстiк Қазақстан облысы

86.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Оңтүстiк Қазақстан облыстық үш тiлде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған № 1 мектеп-интернаты» КММ, Шымкент қаласы

87.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының Түлкiбас ауданының үш тiлде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

88.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Маржан Тасова атындағы үш тiлде оқытатын № 12 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, Шымкент қаласы

89.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тiлде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназиясы» КММ, Шымкент қаласы

90.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Нұртай Оңдасынов атындағы Түркiстан «Дарын» мектеп-интернаты» КММ

91.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Қазығұрт ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ

92.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Дарын» мектеп-интернаты» КММ, Кентау қаласы

93.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ, Ленгiр қаласы

94.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының Б.Саттарханов атындағы Оңтүстiк Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты» КММ, Шымкент қаласы

95.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «№ 2 мамандандырылған үш тiлде оқытатын мектеп-интернаты» КММ, Шымкент қаласы

96.

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Тау самалы» балалар оку- сауықтыру орталығы» МКҚК, Төлеби ауданы, Нысанбек селосы

97.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «№1 қазақ-түрiк ер балалар лицейi» КММ

98.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «№2 қазақ-түрiк қыз балалар лицейi» КММ

99.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «№ 3 Кентау қазақ-түрiк ер балалар лицейi» КММ

100.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Шардара ауданының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

101.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

102.

Оңтүстiк Қазақстан облысының бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» КММ, Қазығұрт ауданы

103.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бiлiм, жастар саясаты, және тiлдердi дамыту басқармасының «Мақтарал ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ

Алматы қаласы

104.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназия» КММ

105.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «№ 8 мектеп-гимназия» КММ

106.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназия» КММ

107.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «№ 34 гимназия» КММ

108.

Алматы қаласы «Мамандандырылған қазақ-түрiк мектеп-лицей- интернаты» КММ

109.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «Дарынды балаларға арналған №165 мамандандырылған мектеп-лицейi» ММ

110.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының Махатма Ганди атындағы «Дарынды балаларға арналған № 92 мамандандырылған мектеп- лицейi» ММ

111.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «№ 126 мамандандырылған лицей» КММ

112.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы № 39 мамандандырылған лицей» КММ

113.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «№ 90 мамандандырылған мектеп-лицей» КММ

114.

Алматы қаласы бiлiм басқармасының «Шоқан Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ

Астана қаласы

115.

Астана қаласының бiлiм басқармасының «№ 48 мектеп-лицейi» ММ

116.

Астана қаласы әкiмдiгiнiң «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебi» КММ

117.

Астана қаласының бiлiм басқармасының «Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернаты» ММ

118.

Астана қаласы бiлiм басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған казак-түрiк лицейi» ММ

119.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң «Қазақ ұлттық өнер университетi» РММ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты»

120.

Астана қаласы әкiмдiгiнiң «№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейi» КММ

Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар

121.

«Республикалық физика-математика мектебi» КАҚ, Алматы қаласы

122.

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп- интернаты» РММ, Алматы қаласы

123.

Қазақстан Республикасы Мэдениет және спорт министрлiгiнiң «Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта меқтеп-интернаты» РММ, Алматы қаласы

124.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» РММ, Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 1 шiлдедегi    
№ 428 бұйрығына      
2-қосымша         

           Дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi аймақтық
             ғылыми-практикалық орталықтардың тiзiмi

Ұйымның атауы

1.

Ақтөбе облысы бiлiм басқармасының «Ақтөбе-Дарын» өңiрлiк ғылыми- практикалық орталығы

2.

Шығыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Дарын» Шығыс Қазақстан өңiрлiк ғылыми-практикалық орталығы»

3.

Батыс Қазақстан облысы бiлiм басқармасының «Қосымша бiлiм беретiн «Дарын» орталығы»

4.

Қарағанды облысы бiлiм басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»

5.

Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Қостанай дарыны» ғылыми-практикалық орталығы

6.

Маңғыстау облысы бiлiм басқармасының «Дарын» қосымша бiлiм беру орталығы

7.

Павлодар облысы бiлiм басқармасының Павлодар өңiрлiк «Ертiс дарыны» ғылыми-практикалық орталығы

8.

Астана қаласы бiлiм басқармасының «Астана дарыны» ғылыми- практикалық орталығы

9.

Қызылорда облысы бiлiм басқармасының «Дарын» ғылыми- практикалық орталығы

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 1 шiлдедегi    
№ 428 бұйрығына      
3-қосымша         

Дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi оқу-әдiстемелiк кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi оқу-әдiстемелiк кеңес (бұдан әрi - ОӘК) туралы ереже «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
      2. ОӘК «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрi - «Дарын» РҒПО) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен құрылады.
      3. ОӘК мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi - МБҰ) бiлiм бағдарламаларын оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша консультативтiк-кеңес беретiн орган болып табылады.
      4. ОӘК өз қызметiнде «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бiлiм саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Оқу-әдiстемелiк кеңестiң мақсаттары мен мiндеттерi

      5. ОӘК қызметiнiң мақсаттары:
      1) «Дарын» РҒПО-ның қызметiн және бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру процесiнде бiлiм сапасын қамтамасыз ету бойынша отандық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы бiлiктi өкiлдерiн, МББҰ-ның педагогикалық ұжымын үйлестiру;
      2) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру тәжiрибесiн зерделеу, жинақтау және кiрiктiру;
      3) МБҰ-қызметiнiң бейiн бойынша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру мониторингi;
      4) дарынды балаларға бiлiм беру процесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету және ұйымдастыруды жетiлдiру бойынша «Дарын» РҒПО-ның баспа қызметiн үйлестiру;
      5) баспадан шығатын оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, оқу құралдарының қолжазбаларына қорытынды даярлау, оларды рецензиялау және басып шығаруды ұйымдастыру.
      6. ОӘК-тiң негiзгi мақсаттары:
      1) МБҰ қызметiнiң оқу-әдiстемелiк жұмыс саласындағы ағымдағы және болашақтағы бағыттарын анықтау;
      2) оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк материалдарын жетiлдiру және дайындау бойынша құрылымдық бөлiмдерiнiң қызметiн үйлестiру;
      3) қазiргi заман талаптарына сай МБҰ-ның мектеп бiтiрушiлерiн даярлау мақсатында оқушылардың бiлiм өлшемдерiн әзiрлеу.

3. Оқу-әдiстемелiк кеңестiң қызметi жэне негiзгi жұмыс бағыттары

      7. ОӘК-тiң қызметi:
      1) ақпараттық (МБҰ оқу-тәрбие үрдiсiнiң жағдайы, педагогикалық ғылыми жетiстiктерi және т.б.);
      2) аналитикалық (МБҰ қызметiнiң нәтижелерiне талдау, МБҰ-ның оқу- әдiстемелiк жұмыстарының тәжiрибесiн оқып-үйрену, тарату және т.б.);
      3) болжамалы (болашақтағы дамуы, МББҰ қызметiн жоспарлау);
      4) жобалау: болашаққа болжам жасау және МБҰ ағымдағы жоспарлауы;
      5) оқу: педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру;
      6) ұйымдастыру-үйлестiру: нақты жылға және болашаққа жасалған әдiстемелiк жұмыс мiндеттерiн iске асыру, МБҰ-ның барлық оқу-әдiстемелiк бөлiмдерiнiң жалпы мiндеттердi шешудегi өзара iс-қимылы, конференция, семинар, конкурстар және т.б. дайындау және өткiзу.
      8. ОӘК қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) дарынды балаларды анықтау, оқыту және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға ықпал ету;
      2) МБҰ-ның оқу-әдiстемелiк бiрлестiк қызметiн үйлестiру;
      3) МБҰ-ның бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын жетiлдiру және жаңарту туралы ұсынымдар даярлау;
      4) үлгiлек оку жоспарларын әзiрлеу және бекiтудi ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар даярлау;
      5) МБҰ-ы оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен қамтамасыз етуге ұсынымдар әзiрлең
      6) МБҰ-на арналған оқулықтар мен оқу әдебиеттерiн, оның iшiнде электрондық оқулықтарды қолдануға рұқсат беру жөнiнде ұсынымдар даярлау;
      7) МББҰ-на қазiргi заманғы бiлiм беру технологияларын енгiзу жөнiнде ұсынымдар даярлау және ұсыныстарды қарау;
      8) МББҰ-ның инновациялық тәжiрибелерiн жинақтау және оны енгiзу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      9) элитарлық бiлiм беру аясында оқу-әдiстемелiк мәселелер бойынша тиiмдi және болашаққа қажет халықаралық ынтымақтастық бағыттарын аныықтау және талдау;
      10) қосымша кәсiби бiлiм беру бағдарламаларының бiлiм беретiн бағдарламалары жөнiнде ұсынымдар даярлау және дарынды балалармен жұмыс жасауда педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау бiлiктiлiгiн арттыру.

4.Оқу-әдiстемелiк кеңестiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi

      9. ОӘК қызметiне оның төрағасы басшылық етедi. ОӘК шешiмдерi төраға қолымен бекiтiлген хаттамамен құжатталады.
      10. ОӘК мүшелерiнiң саны 10 адамнан кем болмауы тиiс.
      11. ОӘК мүшелерi Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi аймақтық ғылыми- практикалық орталықтардың қызметкерлерi, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының басшылары бола алады.
      12. ОӘК дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi аймақтық ғылыми- практикалық орталықтармен және МБҰ-ның оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiмен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
      13. ОӘК қызметi оку жылының соңғы отырысында бекiтiлген жылдық жұмыс жоспарымен анықталады.
      14. ОӘК отырыстары қажетiне қарай өткiзiледi, бiрақ тоқсаныны бiр реттен кем болмауы тиiс.
      15. ОӘК-нiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы басым көпшiлiктiң дауысымен қабылданады. ОӘК-нiң барлық мүшелерi тең дауыс беру құқығына ие, ия және қарсы дауыс тең түскен жағдайдан басқа, бұл жағдайда Төраға дауысы шешушi болып табылады.
      16. ОӘК-нiң жұмысында төраға болмаған жағдайда төраға орынбасарының дауысы шешушi болып табылады.
      17. ОӘК-те қойылған мәселелердi, экспертиза, қажеттi құжаттарды дайындауда кеңестiң бiр мүшесi басшылық ететiн жұмысшы тобы, комиссия, құрылады.
      18. ОӘК құқығы:
      1) оқу-әдiстемелiк жұмыстың әртүрлi мәселелерiн талқылауға қою;
      2) ОӘК-тiң тапсырмаларын орындауға қажеттi немесе оқу-әдiстемелiк жұмысты оқып-үйренуге қажеттi ақпарат пен құжаттарды дарынды балалармен жұмыс жөнiндегi аймақтық ғылыми-практикалық орталықтар мен МББҰ-нан алу;
      3) элитарлы бiлiм беру мәселесi бойынша ғылыми-әдiстемелiк және оқу- әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру жөнiнде бiлiм беру саласындағы өкiлеттi ұйымдарға ұсыныстар мен ұсынымдар бер;
      4) МБҰ-ның оқу-әдiстемелiк қызметiн бақылауды қамтамасыз ету;
      5) оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдерге қатысу.
      19. ОӘК мүшелерiнiң мiндетi:
      1) Кеңестiң отырыстарына қатысу және қаралатын мәселердi талқылауда белсендiлiк таныту;
      2) ОӘК-тiң шешiмдерiн белгiленген мерзiмде орындау.
      20. Ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарын, құжаттама және iс жүргiзудi ОӘК-тiң хатшысы жүргiзедi. ОӘК-тiң хатшысы, кеңестi дайындау және өткiзудi ұйымдастырады, хаттама жүргiзедi, ОӘК жұмысының есебiн жасайды және қабылданған шешiмдердi iске асыруды қамтамасыз етедi.
      21. ОӘК ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен құрылады және таратылады.