Қабылдау комиссияларының байланыстары

Латвиядан жеңіспен оралды

2019 жылғы 25-29 сәуір аралығында Латвияның Рига қаласында «Рига көктемі – 2019» XV Халықаралық хореографиялық конкурсы өтті. Конкурсқа Ресей,  Латвия, Германия, Франция, Италия, Польша, Грузия және басқа елдерден келген қатысушылармен қатар біздің Академияның тәрбиеленушісі Лимара Айдарова да қатысты.

«Рига көктемі» конкурсы үш номинацияда өтті: «Классикалық би», «Халық биі» және «Заманауи хореография». Лимара Айдарова «Классикалық би» номинациясында ойдағыдай өнер көрсетіп, 1-дәрежелі лауреат атанды.  Лимараны және ұстазы Раушан Қалыбекқызы Төлегенованы жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға толағай табыстар тілейміз.

Біз сіздермен мақтанамыз!  

 

Яндекс.Метрика