«TrackMan Saryarka» жарысы өтті

Елімізде велоспортқа деген көзқарас өзгеріп, әсіресе Астана қаласында велосипед спортына қызығушылық күн сайын артып келеді. Елорда көшелерінде көпшақырымдық веложолдар мен велотұрақтар пайда болды. Оған қоса велосипедттерді жалға беру пункттері де баршылық. Бұл аталмыш спорттың дамып келе жатқандығынын айқын дәлелі. 

2019 жылдың 2-3 ақпанында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде халық арасында бұқаралық велоспортты одан әрі дамыту және танымал ету, азаматтарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында олимпиадалық даярлау орталығы «TrackMan Saryarka» жарысын ұйымдастырды. 

Ардагерлер мен велоспорт әуесқойлары арасындағы жарыс келесідей бағытта өтті: 
• жекелей ізге түсу жарысы (12 айналым), 
• ерлердің командалық спринт жарысы (500 м), 
• ерлер (1000 м) мен әйелдердің (500 м) Гит жарысы. 
Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан және Ресейден 50-ге жуық әуесқойлар қатысты. 

Дүбірлі дода екі күнге созылды. Ол спортшылардың жарысқа дайындалуына және өз күшін бірқалыпты ұстауға мүмкіндік берді. Жарыс барысында түрлі санатта бақ сынасқан спортшылар командалық сында қызықты өнер көрсетті. Сондай-ақ, Теміртау мен Астана қалаларынан келген нәзік жандылар жүлделі орын үшін тартысты күрес жүргізді. Велошабандоздардың жас тобы өткен жылдың көрсеткіштеріне сәйкес келу уақыты бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізді. 

Жарыс соңында «TrackMan Saryarka» жарысының жеңімпаздарына грамота мен естелік медальдар табысталды. Сондай-ақ, қатысушылар арасында «Сарыарқа» фитнес орталығының абонемент сертификаттары, «VeloFriends» қоғамдық қорының, «Winner» спорт дүкенінің және «Rocky» бокс клубының сыйлықтары ойнатылды. 

Велосипед спортынан «TrackMan Saryarka» жарысының жүлдегерлер тізімі: 

Әйелдер арасындағы жекелей ізге түсу жарысы (3 шақырым): 
1 орын – Татьяна Прилукова; 
2 орын – Инна Вишнякова; 
3 орын – Жансая Әбдукәрімова. 

Ерлер арасындағы жекелей ізге түсу жарысы (3 шақырым): 

60-69 жас аралығында: 
1 орын – Болат Жәмішев; 
2 орын – Сергей Гуцалюк; 
3 орын – Анатолий Гонаго: 

50-59 жас аралығында: 
1 орын – Сергей Лузанов; 
2 орын – Зигфрид Шремф; 
3 орын – Виталий Копальнюк. 

40-49 жас аралығында: 
1 орын – Евгений Лисин; 
2 орын – Сергей Качнов; 
3 орын – Вадим Шулинов. 

30-39 жас аралығында: 
1 орын – Иван Горбачёв; 
2 орын – Александр Золотухин; 
3 орын – Сүлеймен Көшкімбаев. 

18-30 жас аралығында: 
1 орын – Сұлтан Ниязов; 
2 орын – Данис Минияхметов; 
3 орын – Тимур Шакратов. 

Ерлер арасындағы командалық спринт жарысы (500 м): 
1 орын – Иван Сиваш, Алмас Кенеев; 
2 орын – Сұлтан Ниязов, Тыныс Ақанов; 
3 орын – Александр Золотухин, Евгений Лисин. 

Әйелдер арасындағы Гит (500 м): 
1 орын – Жамиля Ақмолдаева; 
2 орын – Татьяна Прилукова; 
3 орын – Инна Вишнякова. 

Ерлер арасындағы Гит (1000 м): 

60-69 жас аралығында: 
1 орын – Болат Жәмішев; 
2 орын – Сергей Гуцалюк; 
3 орын – Анатолий Гонаго. 

50-59 жас аралығында: 
1 орын – Сергей Лузанов; 
2 орын – Зигфрид Шремф; 
3 орын – Виталий Копальнюк. 

40-49 жас аралығында: 
1 орын – Евгений Лисин; 
2 орын – Сергей Качнов; 
3 орын – Вадим Шулинов. 

30-39 жас аралығында: 
1 орын – Иван Горбачёв; 
2 орын – Александр Золотухин; 
3 орын – Мақсат Қадыров. 

18-30 жас аралығында: 
1 орын – Иван Сиваш; 
2 орын – Сұлтан Ниязов; 
3 орын – Тыныс Ақанов. 

Яндекс.Метрика