Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық хореография академиясы – ЮНЕСКО Клубы

2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясы ресми түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ЮНЕСКО Клубының Қазақстан Ұлттық Федерациясының мүшесі болды.

Федерация 2009 жылдың сәуір айында құрылған және бүгінгі күні Федерацияның құрамына Қазақстанның 14 өңірінде орналасқан 50 ЮНЕСКО Клубы кіреді, қатысушылардың жалпы саны – 3 500. Жыл сайын ЮНЕСКО Клубының Ұлттық Федерациясының жастарға мәдениетаралық, шығармашылық және адамгершілік білім беру жобалары тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Азия-Тынық мұхит өңірінің 10 000 астам балаларын қамтиды. Федерацияның ұлттық, сонымен қатар халықаралық деңгейлерде іске асырылатын ерекше бастамаларының бірі – ЮНЕСКО қолдауымен «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық фестивалі, жыл сайынғы «ЮНЕСКО Клубтарының Шығармашылық академиялары» және «Балалар Әлем ырғағында» шығармашыл жастар фестивалі.

ЮНЕСКО Клубының мүшесі ретінде Академия балалар шығармашылығын насихаттау бойынша және халықаралық мәдени және білім саласындағы тәжірибе алмасу бойынша үлкен жұмыс жоспарлап отыр, халықаралық көркем шығармашылық фестивальдеріне қатысуды, шетелдік әріптестермен тығыз әріптестік қарым-қатынастар орнатуды жоспарлайды.

Яндекс.Метрика