Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аяқталды

Өткен аптада академиямызда «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бірлестігінің «Тіл мен тарих үндес» атты онкүндігі өтті.

Онкүндік барысында оқушылар үшін танымдық және тәрбиелік мәні зор, ал педагогтар үшін күнделікті сабақта пайдалы әдістемелік көмек беретін сабақтар топтамасы мен сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді.

Ағылшын тілінен 5, 6 сынып оқушыларымен «Famous people», «Holidays and Travel. Vocabulary» тақырыптарында ашық сабақтар өтті. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша 7 сынып оқушылары Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының желісі негізінде  сабақта оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйренсе, 9 сынып оқушылары Блумның таксономиясына сәйкес Махамбет Өтемісовтың шығармаларын зерделеп, ақынның шығармаларымен танысты.

Сондай-ақ, онкүндік барысында тарих, орыс тілі, мәдениеттану, француз тілі пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сабақтан тыс іс-шаралар қатарында латын әліпбиіне көшу,  Елбасының қараша айында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша дөңгелек үстел, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық және логикалық ойындары өтті.   

Яндекс.Метрика