Жастар істері жөніндегі комитет студент жастардың мүдделерін жан-жақты қолдауды ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ жастар саясаты саласында өзін-өзі басқару принциптерін іске асыру үшін құрылған.

Негізгі мақсаттары:
– ҚР мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, Қазақ ұлттық хореография академиясында білім алатын студент жастардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау, олардың рухани әлемін, ой-өрісін, және ерік күшін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесін, саяси және құқықтық мәдениетін арттыру.

ЖІК қызметінің негізгі бағыттары:
– ҚР мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізу, студент жастар құқықтарының сақталуы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
– қоғамдық-саяси, адамгершілік, этномәдени тәрбие және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
– студент жастар арасында діни экстремизмнің, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес бойынша іс-шараларды өткізу;
– ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми конференциялар, олимпиадалар, байқаулар, ең үздік оқу топтарын, жатақхана бөлмелеріне конкурстар өткізу;
– студенттік өзін-өзі басқару (студенттер жиналыстарында) жұмысына қатысу, Академияда студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешімдер қабылдау;
– Академия жастарына қатысты проблемаларды қарау және шешу үшін отырыстар өткізу.

ЖІК өз қызметін жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырады.

ЖІК жұмысын Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің басшысы үйлестіреді.

Яндекс.Метрика