Академия Абайдың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасына қатысты

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары мен қызметкерлері қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасына қатысты.

Өлең оқу эстафетасына қолдау көрсеткендер:

Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова – Қазақ ұлттық хореография академиясының Бірінші проректоры,   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  «Звезды Содружества» мемлекетаралық сыйлығының лауреаты.

Светлана Юрьевна Кокшинова – Академияның кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының  «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттің медалінің иегері.

Анвара Әріпқызы Садықова – Академияның «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы, Қазақстан кинематографистері одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік стипендиясының игері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты.

Евгений Сергеевич Моисеев – «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қ. Қалалық спорттық-бал биі федерациясы Президиумының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Спорттық би федерациясының қауымдастығы» ЗТБ төрешісі, Қазақстан Республикасы Хореографтар одағының мүшесі.

Дана Садуақасқызы Абдрасилова – Академияның оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау қызметінің басшысы.

Қоғамда Абай мұрасын көпшілікке танытуға және оның шығармаларын бүкіл әлемге насихаттауға бағытталған осы бастамаға қатысып,  осындай үлкен  қозғалыстың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.

Яндекс.Метрика