«Temps lié» Халықаралық балет фестивалі

2018 жылғы 2-6 МАМЫР

  1. «Temps lié» Халықаралық балет фестивалінің (бұдан әрі – Фестиваль) ұйымдастырушылары:  
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
  • «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ (бұдан әрі – Академия).
  1. Фестивальдың мақсаттары мен міндеттері:
  • хореография өнерін дамыту және көпшілікке таныту;
  • хореографиялық білім саласында шығармашылық жетістіктермен халықаралық алмасу;
  • фестивальға қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру;
  • дарынды орындаушыларды айқындау және қолдау.

 Номинациялар

  1. Классикалық би;
  2. Халық-сахналық би (фольклор, стильденген халық биі);
  3. Заманауи би.
  1. Фестивальға кәсіптік хореографиялық мектептердің (колледждер, училищелер) оқушылары қатысады.
  2. Әрбір оқу орны Фестивальға бір, екі нөмірден ұсынады.
  3. Фестивальға қатысуға ниет білдіруші толтырған өтінім болашақ қатысушының Фестивальдың тәртібі мен шарттарын толықтай қабылдайтынын растайтын куәлік болып табылады.
  4. Фестивальдың Ұйымдастыру комитеті Гала-концерттің бағдарламасын іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
  5. Фестивальға қатысушы 2018 жылдың 20 наурызына дейін balletacademy.kz сайтындағы сауалнама-өтінімді толтыруы қажет.  
  6. Фестивальдың дирекциясы өтінім материалдарын конкурстың ақпараттық-талдамалық материалдарында, сонымен қатар Фестиваль бағдарламасының іс-шаралары шеңберінде пайдалануға құқылы.
  7. Фестивальда Ұйымдастыру комитетіне екі данада 2018 жылдың 20 наурызына дейін ұсыналатын СD-дисктерге, флэш-жинақтауыштарға жазылған жазбалар қолданылады. Жинақтауыштарда оқу орнының атауы, нөмірлердің атаулары жазылуы тиіс. Дайындықтар үшін орындалатын бағдарламаның СD-дискке жазылған жазбасы болуы керек.
  8. Фестивальдың Ұйымдастыру комитеті делегацияларды қандай да бір сақтандыру түрлерімен қамтамасыз етпейді.
  9. Фестивальда бейне және кинотүсірілімдерді тек Ұйымдастыру комитетінің арнайы рұқсатымен ғана жүзеге асыруға болады.  

Фестивальдың қорытындылары бойынша білім беру мекемелері мен қатысушыларға дипломдар, сонымен қатар имидждік бұйымдар табыс етіледі.

02.05.2018 – Келу күні

03.05.2018 – Фестивальдың салтанантты ашылуы, Қазақ ұлттық хореография академиясының концерті.

04.05.2018 – Шебер-кластар, «Астана Балет» театрының сахнасындағы Фестивальдық өнер көрсетулер

05.05.2018 – Шебер-кластар, Гала-концерт, Фестивальдың жабылуы.

06.05.2018 – Кету күні

  1. Фестивальдың Ұйымдастыру комитеті Фестивальды өткізу үшін жағдайлар жасау бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады.  
  2. Қабылдаушы тарап Фестивальға қатысушыларға (1 оқытушы, 2 оқушы) көлік шығындарын (әуе, теміржол билеттері, трансфер), тұру және тамақтану шығындарын төлейді. Егер делегацияда көрсетілген қатысушылар саны артық болса, онда көлік шығындарын жіберуші тарап төлейді.
  3. Ұйымдастыру комитеті Фестивальға қатысушы-білім алушылардың Академияның Тұрғын үй корпусында тұруын қамтамасыз етеді.  
  4. Ұйымдастыру комитеті Фестивальға қатысушы-педагогтардың, училищелер (колледждер) басшыларының Академияның Тұрғын үй корпусында тұруын қамтамасыз етеді.
  5. Ұйымдастыру комитеті Фестивальға келген баспасөз өкілдерінің орналасуын қамтамасыз етпейді.
  6. 2018 жылдың 20 наурызына дейін оқу орындары әуе билеттерін сатып алу үшін қатысушылардың деректерін, фотосуреттерін (портрет) және әрбір Фестивальға қатысушының қысқаша мінездемесін жіберуі тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс қызметі

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: Расилова Салтанат

Жұмыс телефоны: 8 7172/ 790 869

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: Найзабекова Малика

Жұмыс телефоны: 8 7172/ 790 869

Яндекс.Метрика