Қабылдау комиссияларының байланыстары

Арт-терапия сабақтары қалай өтеді?

2019 жылдың ақпан айынан бастап Академияда оқушылардың білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасайтын Арт-терапия кабинеті жұмыс істей бастады.

Психолог бірнеше функционалдық аумақтардан тұратын Арт-терапия кабинетінде кестеге сәйкес сабақтар өтетін болады.

Изотерапия аумағы оқушының бейнелеу өнері, ермексазбен мүсіндеу, әдеби шығармашылық арқылы өзін-өзі дамытуына жол ашады. Ал құм терапиясы бұрышында өзін-өзі көрсету және дамыту процесі балалардың құммен түрлі жаттығулар жасауы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, музыкалық терапия, тыныс алу жаттығулары, медитация арқылы кернеу мен шаршаудың алдын алу үшін релаксация мен демалыс бұрышы бар. Бұл аумақ ертегі терапиясы, қуыршақ терапиясы үшін де қолданылады. Жеке бұрышта психолог Академия тәрбиеленушілерін жеке қабылдайды.

Изотерапия, ертегі терапиясы, сондай-ақ ойын, құм, музыкалық терапия сияқты арт-терапевтік техникаларды пайдалану тәрбиеленушілердің эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді.

 

Яндекс.Метрика