Академияда білім алушыларды әлеуметтік қолдау – басымды бағыт. Академия басшылығы әлеуметтік проблемаларды шешуде білім алушылардың жағдайына ерекше көңіл бөледі.

Академияның әлеуметтік жұмысының негізгі мақсаты – баланың жеке тұлға ретінде толық дамуын қамтамасыз ету, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.

Қызметтің негізгі түрлері:
– Қазақстан Республикасының білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты заңнамасын сақтау;
– білім алушылардың негізгі әлеуметтік қажеттіліктері мен проблемаларын зерделеу;
– білім алушылардың әлеуметтік-қорғалмаған санаттарымен жұмыс;
– білім алушыларға әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді алуын қамтамасыз ету мен бақылауды ұйымдастыру;
– Академияның құрылымдық бөлімшелерінің білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру;
– білім алушылардың жеке басының дамуындағы ықтимал келеңсіздіктің алдын алу, оның психологиялық денсаулығын бүкіл оқыту мерзімі ішінде сақтау, нығайту және дамыту;
– әлеуметтік-психологиялық қолдау;
– білім алушыларды әлеуметтік және атаулы шәкіртақылармен, гранттармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз ету;
– Академияның білім алушыларына материалдық және өзге көмек көрсету;
– студенттердің рухани дамуы үшін бағытталған театрлар, көрмелерге білім алушылардың баруын қамтамасыз ету.

Яндекс.Метрика