Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Science slam – ең үздік постерлік баяндама» конкурсы

Ғылым апталығын өткізу аясында 2019 жылғы 16 сәуірде «6М040900 – Хореография», «6М040600 – Режиссура» және «6М041600 – Өнертану» мамандықтарының 2 курс магистранттарының арасында «Science slam – ең үздік постерлік баяндама» конкурсы өтті.

Science Slam форматы — 2010 жылы неміс Грегор Бьюнинг ойлап тапқан ғылымды көпшілікке таныту жобасы – Академияда алғаш рет іске асырылды. 

 Конкурсқа магистранттардың келесі баяндамалары ұсынылды: 

  • Шомаева Дилара Ержановна: «Э.Д. Мальбековтің шығармашылық қызметі және оның қазақстандық әртістердің қалыптасуына қосқан пелдагогикалық үлесі». Жұмыс жетекшісі: п.ғ.д., профессор Құлбекова А.К.
  • Заклинская Анастасия Константиновна: «Педагог-хореографтардың кәсіби қызметке дайын болу критерийлері». Жұмыс жетекшісі: п.ғ.д., профессор Құлбекова А.К.
  • Коршунов Николай Викторович: «Репертуарлық саясатта жаңа бағыттарды іздестіру, «Астана Опера» театрының ұлттық спектакльдері». Жұмыс жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген әртісі, ө.ғ.к., профессор Саитова Г.Ю.
  • Омарова Айдана Сұнғатханқызы: «Нұрқанат Жақыпбайдың «авторлық» театры». Жұмыс жетекшісі: ө.ғ.к., профессор Джумасеитова Г.Т.
  • Баймагамбаев Арман Муратович: «Заманауи хореографияда балетмейстердің көркем ойлауы». Жұмыс жетекшісі: ҚР еңбек сіңірген әртісі, ө.ғ.к., профессор Саитова Г.Ю.

Магистранттардың постерлік баяндамалары ғылыми-зерттеу қызметінің инновациялық жетістіктерін көрсетуге бағытталған. 

Сараптау комиссиясы зерттеудің маңыздылығы мен жаңашылдығын, спикердің сахнада өзін ұстауы және үлкен аудитория алдында сөз сөйлеу шеберлігін де атап өтті. 

«Science slam – ең үздік постерлік баяндама» конкурсының жүлдегері атанған магистранттар: 

Бірінші дәрежелі диплом – Шомаева Дилара, 6М040900 – Хореография мамандығының 2 курс магистранты
Екінші дәрежелі диплом – Коршунов Николай, 6М040900 – Хореография мамандығының 2 курс магистранты
Үшінші дәрежелі диплом – Баймагамбаев Арман, 6М040900 – Хореография мамандығының 2 курс магистранты.
Қатысқаны туралы сертификатқа 6М416000 – Өнертану мамандығының 2 курс магистранты

Омарова Айдана ие болды. 

Конкурстың барлық қатысушылары мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Шығармашылық табыстар және магистрлік диссертацияларын ойдағыдай қорғап шығуларына тілектеспіз!

 

Яндекс.Метрика