Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Академияның ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, магистратураның оқу және оқу-әдістемелік жұмысын және «Arts Academy» журналының тоқсан сайынғы шығарылымын үйлестіреді.

Академияда жүзеге асырылатын ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың бағыттары Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беру талаптарына және қазақстандық ғылымның даму мәселелеріне сәйкес келеді. Академия ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден ойдағыдай өтті (2017 жылғы 23 маусымдағы № 004991 Серия МК куәлігі).

Академияның ғылыми-зерттеу қызметі Академияның 2018-2023 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарында белгіленген миссияға, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулер бағдары профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттердің ғылыми белсенділігінің өсуін, білім мен өнердің өзара байланысын күшейтуді, ғылыми кадрлық әлеуетті дамытуды, Академияның халықаралық ғылыми қауымдастыққа кірігуін қамтамасыз етеді.

Ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастық шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Қазақ ұлттық хореография академиясы өзінің негізгі даму бағыттарының бірі ретінде әлемдік ғылыми-зерттеу қауымдастығымен бірігуді көздейді.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман – Есмурзаева Асель Токтобаевна
Жұмыс телефоны: 8 /7172/ 798 -547

Редактор – Жунусов Серик Казырканович
Жұмыс телефоны: 8 /7172/ 790-832

e-mail: otdel_nauki@balletacademy.kz

Яндекс.Метрика